"Барменді балағаттаған": Желіде Қуандық Бишімбаев түсірілген видео қызу талқыға түсуде (видео)

Аиса Махамбет Редактор
23.03.2024, 13:53
605
"Барменді балағаттаған": Желіде Қуандық Бишімбаев түсірілген видео қызу талқыға түсуде (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Желіде бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мекемелердің бірінде барменді балағаттап, қорқытқаны туралы видео жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кадрлардан Бишімбаевтың барменге сөзбен тиісіп, балағаттап жатқанын байқауға болады. 

"Ешқашан әңгімеге араласпа. Сен кімсің? Жәй ғана барменсің. Маған виски құйып бер...", – дейді ол. 

Желіде қолданушылар өз пікірлерін білдіруде. Олар адамдармен осындай қарым-қатынас жасайтын адам қалай билікке келді деп наразылықтарын білдіріп жатыр. 

Бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотынан журналистерге орын беру шараларын қабылдап жатқанын хабарлаған едік. 

Айта кетейік, бұған дейін 11-12 наурыз аралығында Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өткен еді.  

Сот ашық режимде өтті, бірақ журналистерді сот залына кіргізбей, баспасөз орталығынан орын берді. 

Нәтижесінде сот отырысы алқабилердің қатысуымен 27 наурыз күні сағат 10.00-де өтетін болды. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады