«Дизайнерліктен қатынға айнала алмаймын»: Аида Кауменова екі күйеуінен ажырасуының себебін айтты

Аиса Махамбет Редактор
24.03.2024, 14:31
9704
«Дизайнерліктен қатынға айнала алмаймын»: Аида Кауменова екі күйеуінен ажырасуының себебін айтты жеке парақшасынан

«Маған гүл емес, көңіл сыйлайтын адам керек» дейді дизайнер. Бұл туралы ernur.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елімізге ғана емес, алыс-жақын шет елдерге танымал киім дизайнері Аида Кауменова «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өмірі, тыныс-тіршілігі жайлы айтып берді.

«Тағдырдың жазуымен екі рет тұрмыста болдым. Алғашқы күйеуіме 30 жасымда, екіншісіне 40 жасымда шықтым. Екінші енем өте жақсы адамдар еді, ерке келін болдым. Ұйқыдан тұрсам енем бәрін істеп қоятын. Мінезі қатал болғанымен мені барынша еркелетті, қызметте жүргенімді түсінді. Бірге көп тұрмадық, біз Алматыда, олар Шымкентте болды.

Ал күйеуіммен төрт жыл бірге тұрдық. Өмір болғаннан кейін солай болды, екіге айырылдық. Мен негізі, шыдамды адаммын. Көп нәрсеге шыдаймын. Бірақ, шыдам шегіне жеткенде кері шегіне алмаймын. Әйел көп нәрсені кешіре алады, бірақ оны ешқашан ұмытпайды. Ұмытса сол қателікке қайта ұрынуы мүмкін.

Әйелдің бақыты тек ер адаммен байланысты емес. Иә, қазір менің күйеуім жоқ шығар, кейбір сәттерде қиын болуы мүмкін. Бірақ менің ең қымбатты бостандығым бар. Мен мысалы, сыртта ұлы дизайнер болып жүріп, кешкісін үйге келген соң қазан-ошақтың басындағы қатынға айнала алмаймын. Сондықтан мені түсінетін, бағалайтын, мың рет қателік жасасам да менің қателігімді бетіме баспай, қолдау білдіретін ер-азамат керек. Қазір менің жүрегім бос. Бірақ, бос екен деп іздеп те жүрген жоқпын. Жігіт туралы ойлауға уақытым жоқ», - деді Аида Кауменова. 

Айта кетейік, Аида Кауменованың анасы орыс, әкесі қазақ. Қазір бір қыз тәрбиелеп отыр. Қызы Жәмила қазір Швейцарияда білім алып жатыр. Аида Кауменованың қолынан шыққан ең арзан киім 65 мың теңгеден басталады екен.

Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті Сыныптасына қателесіп қоңырау шалғаны үшін полицей фельдшерді өлтірген 68 жастағы әйел күйеуін арақ ішкені үшін пышақтап өлтірген «Я, Аллаһым, мені сақташы…»: Азапталып қаза болған Ақнәрдің соңғы сәттегі видеосы тарады (ВИДЕО) Боксшы қыздарымыз Азия чемпионатынан 12 алтын иеленді «Туғанымдай бағып едім»: 29 жастағы жігіт өгей анасы мен оның немересін өртеп жібермек болған «Басыңызға келсін»: Мөлдір Әуелбекова үй шаруасын жасамайтынын айтты Қатерлі ісікке шалдыққан Джо Байденнің 1 жыл ғана өмірі қалған Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен Ресей командирлері украин тұтқындарын өлтіріп жатыр (ВИДЕО) Түркістанда қоңыр аю камераға түсіп қалды (ВИДЕО) Жанжал кезінде Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны айтылды Швейцариялық Димаштың жанкүйері Қазақстан туралы кітап шығарды Екібастұзда есірткі жасырумен айналысқан оқушы қыз ұсталды Бүгін бірқатар өңірде бұршақ жауады «Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО)