Қонаев қаласында жас жігіттер студент қызды ұрып өлтірген

25.03.2024, 13:07
1739
Қонаев қаласында жас жігіттер студент қызды ұрып өлтірген canva.com

Оның телефонынан өздеріне несие рәсімдеп алыпты.

НеМолчи қорының басшысы Динара Смайылова Facebook-тегі парақшасына Қонаев қаласында 18 жастағы студентті бірнеше ер адамның қатігездікпен өлтіргенін жазды.

Оның айтуынша, марқұм колледжде аспаз мамандығы бойынша оқып жүрген. Ал қылмысқа қатысты күдіктілер 18-21 жас аралығында екен.

Қыз олардың бірімен 7 наурызда танысқан. Бірақ шамамен наурыздың 14-інен 15-іне қарағанда студентті қатыгездікпен өлтіріп кеткен. Олар оның телефонын алып, өздеріне несие рәсімдеген. Қаланың сыртына алып шығып, сойылмен ұрып-соғып, далаға тастап кеткен. Қыздың туыстарына мәйіттің 21 наурызда табылғаны хабарланған. Әпкесі оны мәйітханалардан өзі іздеген, себебі студенттің денесі қай жерде екенін ешкім айтпапты. Мәйітін тапқан кезде денесінен көгерген, қолында жіптің ізі қалғанын көрген, – деп жазды қор басшысы.

Динара Смайылованың айтуынша, Қонаев қаласының полициясы күдіктілерді ұстаған. Бірақ марқұмның жақындары 2 адамның ұсталғанын, алайда тағы 2 адамның бостандықта екенін жеткізген. Сондықтан олар қылмыскерлер жазасыз қала ма деп қорқады.

Жетісу облыстық полиция департаменті бұл дерекке қатысты әлі пікір білдірмеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді