Қонаевтағы бойжеткеннің өлімі: полиция мәлімдеме жасады

25.03.2024, 15:59
969
Қонаевтағы бойжеткеннің өлімі: полиция мәлімдеме жасады canva.com

Қонаев қаласында 18 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты Алматы облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның мәліметінше, 21 наурыз күні Алматы қаласының полициясына Алматы облысының аумағында кісі өлтіру туралы хабарлама келіп түсті.

«Бұл ақпаратты біз дереу тексеріп, нәтижесінде 2006 жылғы қызды өлтіру дерегі расталды. Қонаев қаласының полициясында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 2001 және 2003 жылы туған екі күдікті азаматты анықтап, ұстады», – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Тергеу барысында күдіктілер 15 наурызға қараған түні жас қызды Қонаев қаласының шетіне, адам жүрмейтін жерге апарып өлтіргені анықталды.

«Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде кісі өлтіруді екі күдікті жасағаны анықталды және олар қамауға алынғанын хабарлаймыз. ҚР ҚПК талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды», – деп толықтырды облыстың бас полицейі.

Айта кетейік, марқұмның есімі – Жаннұр, ол небәрі 18 жаста болатын, аспаз мамандығы бойынша колледжде оқып жүрген.

«Туыстарының айтуынша, өліміне күдікті төрт адам – Қонаев қаласының тұрғындары. Олардың жасы – 18-21 аралығында. Жаннұр олардың бірімен жақында, 7 наурыз күні танысқан. Шамамен 14-15 наурыз аралығында аяусыз соққыға жығып, өлтіріп кеткен. Туыстары келтірген тағы бір мәліметте күдіктілер бойжеткеннің телефоны арқылы несие алып, қала сыртына шығарып, сойылмен ұрып-соққаны айтылады. Содан кейін Бақанас бағытына қарай, далада өлу үшін қалдырып кеткен. Туыстары оның мәйіті 21 наурызда табылғанын хабарлады», – деп жазады «Немолчи» қоры.

Туыстарының айтуынша, екеуі ұсталып, екеуі бостандықта жүр.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды