Әзербайжанда да лаңкестік жасамақ болған Ресей тұрғыны ұсталды

25.03.2024, 18:52
752
Әзербайжанда да лаңкестік жасамақ болған Ресей тұрғыны ұсталды DTX official channel

Әзербайжанда бірнеше шабуыл жоспарлаған адам қамауға алынды. Бұл туралы Әзербайжанның azertag.az мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.

Халық үні хабарлауынша, мемлекеттік қауіпсіздік қызметі жүргізген тергеу барысында Ресей Федерациясының Мурманск қаласында тұратын Әзербайжан Республикасының азаматы Аскеров Бахруз Алимамед оглу (1988 жылы туған) қолға түсті.

Аскеров Бахруз Алимамед оглу елдегі қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халық арасында дүрбелең туғызу және оған ықпал ету мақсатында басқа адамдармен байланысқа түсті деген күдікке ілінді. Оның көптеген адам өлуге тиіс террористік акт жасауға ниеттенгені де айтылып жатыр.

Бахруз Аскеровтың жасырын түрде республиканың әртүрлі аймақтарында тұратын адамдарды байланысқа тартып, оларға Лянкаран қалалық атқарушы билігінің басшысына қастандық жасауға нұсқау бергені анықталды.

Сондай-ақ Бахруз Аскеровтің өзімен байланыста болған адамдарға Әзербайжанның кейбір аудандарында ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істейтін шетел азаматына қарсы қастандық жасауды тапсырғаны анықталып отыр.

Жүргізілген кешенді жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Бахруз Аскеров Әзербайжан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28, 214.2.1 («Терроризмге дайындық») баптары бойынша ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оған қатысты сот шешімімен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді