Жауапқа бәрі тартылады – Дүйсенова пәк қыздар тізімін жариялағандар жайлы

26.03.2024, 15:12
741
Жауапқа бәрі тартылады – Дүйсенова пәк қыздар тізімін жариялағандар жайлы KazNU

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-премьер Тамара Дүйсенова "ҚазҰУ-дың пәк қыздар тізімін" жариялауға кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, студенттердің дербес деректері тарағаннан кейін университетте үлкен қызметтік тергеу жүргізіліп, материалдар ішкі істер министрлігіне жолданған.

– Қылмыстық іс бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ. Ол аяқталғаннан кейін қатысы бар адамдардың бәріне тиісті шара қабылданады. Бұл тізімді берген емханаға да, университеттің өзіне де қатысты болады. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бар. Бір-біріне ақпарат беру мәселесі көп болса да, құпиялылық бойынша шаралар қажет, - дейді Дүйсенова.

Ақпан айының ортасында Қазақстанда "ҚазҰУ қыздарының тізімі" ашық жарияланып, жанжал туған еді. WhatsApp-та 190 адамнан тұратын старосталар тобы студенттердің тізімі бар төрт құжатты тастағаны белгілі болды (1-4 курс). Қыздардың аты-жөнінен басқа, олардың ЖСН, ұялы нөмірлері және вирго (студенттердің пәктігі) туралы медициналық мәліметтер тарап кеткен.

Оқиғаға Президент әкімшілігі назар аударды. Бас прокуратура 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)