Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер іріктелді
Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс өтті.
Жоғарғы соттың хабарлауынша, отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және 2 қосалқы) алқабилер алқасы құрылды.
Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылғы 27 наурызда сағат 16:00-ге белгіленді.
Сондай-ақ Қ.Бишімбаевқа қатысты сот талқылауына қоғамның қызығушылығының артқанын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарынан онлайн-трансляция ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:
99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру);
110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).
Туысы Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:
432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);
434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).