Абай облысында алимент төлемеген ана сотталды

27.03.2024, 19:29
696
Абай облысында алимент төлемеген ана сотталды zhukvesti.ru

Абай облысының Үржар ауданында алимент төлемеген ана бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
 
Үржар ауданында әйел балаларына алимент төлеуден жалтарып келген. Бұрын ол әкімшілік жауапқа тартылған. Сот орындаушылар мұндай жаза алимент төлемей жүрген басқа борышкерлерге сабақ болады деген пікірде.

Бүгінде әйелдің балалары алдындағы қарызы 2,7 млн теңгеден асқан. 

Бұған дейін Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотының үкімі бойынша Қылмыстық кодекстің 139-бабы негізінде әйелдің бір жылға бас бостандығы шектелген. Сондай-ақ сотталушы Қылмыстық кодекстің 44-бабы 1 бөлігімен 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылған болатын. Бірақ ол сот үкімін орындамаған. 

Абай облысы бойынша ҚАЖД Үржар аудандық №1 пробация қызметінің есебіне алынып, тәрбие жұмыстары өткізілгеніне қарамастан, әйел қорытынды шығармаған. Сот жүктеген міндеттерді орындамай, қасақана алимент төлемеген және жұмысқа орналасқысы келмеген. Үржар аудандық сот шешімімен борышкер әйел сот залынан бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігіне бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, – деп жазылған пробация қызметі таратқан хабарламада.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды