«Қалтасына пышақ салып жүрген»: 18 жастағы студент Медеуден өлі табылды

Аиса Махамбет Редактор
28.03.2024, 19:53
3295
«Қалтасына пышақ салып жүрген»: 18 жастағы студент Медеуден өлі табылды ашық дереккөзден

Жалғыз баласынан көз жазып қалған Зада Лаубаева Сержан Жәкежан өзіне қол жұмсады дегенге сенбейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 18 жастағы ұлынан айырылған ана әділдік іздейді. Жалғыз баласынан көз жазып қалған Зада Лаубаева Сержан Жәкежан өзіне қол жұмсады дегенге сенбейді. Оның ойынша, енді студент атанған жігіт жоғары курстағылардан зәбір көрген болуы мүмкін. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы жазды. 

Енді ғана студент атанып, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің бірінші курсында оқып жүрген бала өзінен жоғары курста оқитын тәлімгерлерден жәбір көрді деген күдік бар. Өйткені Сержан Жәкежан соңғы кездері қалтасына пышақ салып жүрген екен.

Қайғыдан қан жұтқан Зада Лаубаева жалғыз ұлынан айырылып қалғанына әлі де сене алар емес. Бақанас ауылынан ұстаз болуды армандап, Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне түскен Сержан Жәкежанның мақсаты көп болыпты. 22 ақпан күні сабақтан шыққан Сержанның соңғы видеосы білім ордасының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Осыдан кейін оның қайда барғанын ешкім көрмепті. Келесі күні Медеуден белгісіз адамның мәйіті табылып, кейін оның Сержан екені анықталған.

“Медеудің бөгет деген жерінен баламды тапты. Көше тазалаушылардан сұрағанымда, олар "Балаңыз өз бетінен құламаған. Екі бетінен жатқан да, құлаған кезде көп қан жоғалтып, содан мерт болып кеткен. Өзі жүрейін деп талпынған сынды. Екі қолмен тырмалап жүрген балаңыздың қолының ізі бар. Қасында таяқ бар екен, таяқпен біреуден көмек сұрайын деген”, – деді марқұм Сержан Жәкежанның анасы Зада Лаубаева.

Ана ұлына әлдекімдер қысым көрсеткеніне сенімді. Себебі бұған дейін ұлы ұялы телефонын жоғалтқанын айтқан екен.

“Балам телефонын жоғалтқан. Оны бізге қорқып айтпаған ғой. Үйдегі келіндер телефоны қайда екен деп тексерсе, тура университетті көрсетіп тұр. Демек, балалар тартып алған. Осы көз жұмардан он күн бұрын балама қысым көрсеткен. Үйден кішкентай пышақ алып кетті. Тергеуде қалтасында пышақ жүр дейді. Біреуден қорыққаннан кейін өзін қорғау үшін пышақ салып алған. Ол бұзақы ма деп мектептен, ауылдан сұраңыздар. Бүкіл ауыл менімен бірге жылап жатыр”, – деді марқұмның анасы. 

Жоғары оқу ордасының қызметкерлері студенттің сабақ үлгерімі жақсы болғанын айтты. Сержан мерт болар күні де сабаққа қатысқан.

“Баланың өзі сәл тұйықтау дейді, сессиясын, бірінші семестрді өте жақсы жапқан. 22 ақпанда ол түсте сағат 12 мен 13:00 арасында Абайтану сабағына қатысты. Одан кейін шығып кетті. Одан кейінгі жағдай университет қабырғасында болған жоқ. Өзіміз де тергеу амалдарының шешімін күтіп отырмыз”, – деп мәлімдеді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақау.

Жұмбақ жағдайда көз жұмған Сержан Жәкежанның өліміне қатысты полиция тергеуді бастады. Ұлының өліміне нақты қандай жағдайдың әсер еткенін білу мақсатында Зада Лаубаева қазір Медеу маңайына жиі барып, қандай да бір ақпарат алуға тырысып жүр. Өйткені оның өмірге деген құштарлығын білетін ана ұлының өз еркімен мұндай қадамға бармайтынына сенімді. Ал істің ақ-қарасы енді тергеуден кейін белгілі болмақ.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды