«Бауырым үшін тұрамын»: Әбдіжаппар Әлқожа әпкесі екеуін сынаған әріптесіне жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
29.03.2024, 16:33
5227
«Бауырым үшін тұрамын»: Әбдіжаппар Әлқожа әпкесі екеуін сынаған әріптесіне жауап берді жеке парақшасынан

«Өздері тойда жүріп, эфирге шыққанда «руханият» деп қалады» дейді.

 SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Әбдіжаппар Әлқожа «Инстаграм» парақшасында әпкесі Роза Әлқожа екеуін «той әншісі» деп сынаған дәстүрлі әнші Ақмарал Ноғайбаеваға жауап берді.

«Бес жұлдыз» бағдарламасында маған «Қашанғы халықтың ығына қарап жұмыс жасаймыз?» деді. Бұл – эстрада, театр емес, консерватория емес. Біз халықтың ығына жұмыс жасаймыз, халық тойына шақырса барамыз, халық «концерт бер» десе, береміз! Сол үшін біз эстрада әншісіміз.

Мен Ақмарал Ноғайбаева әпкеме әңгіме айта алмаймын. Керісінше, ауыр айтып қойсам кешірім сұраймын. Бірақ әр өнер адамының өзіндік пікірі бар. Айта алуға хақылы қылып осы «Бес жұлдыз» бағдарламасын Мейрамбек Беспаев ашқан», - деді әнші.

Ол сондай-ақ бағдарламаға шақырылмай қалған әпкесі үшін де араша түскенін айтты.

«Менің ол жерде айтқым келіп, барымды салған себебім, «той әншісі» деп мені бөлектеді және Роза әпкемді «той әншісі» деп жоқ адамды араға қосты. Бауырым үшін тұрмасам несіне жігітпін?! Ақмарал әпкеден де басқа жандар «той әншісі бұлар, анау-мынау» деп арманын айтты. Бірақ ол жерлерін эфирден қырқып тастапты.

Иә, мен той әншісімін! «Музарт» тойға шықпай ма? Тоқтар, Саят, Досымжан, «Жігіттер», Қайрат ағалар тойға шықпай ма? Керек десеңіз, дәстүрлі әншінің, филармония әншілерінің талайын көрдік, эстрадалық әндерге дауыс жаздырып, тойда тіршілік етіп жүр. Ал бағдарламаға келгенде барлығы «Руханият» деп әңгіме айтып қалады. Тойсыз елмен қауышу, тура осы қазақша әндер орындайтын адамдарға мүмкін емес нәрсе деп ойлаймын. Айтарым көп, негізі. Бірақ тоқтай білейін...» - деді Әбдіжаппар Әлқожа.

Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл