Маңғыстауда теңіз жағасынан 40 итбалықтың өлексесі табылған

Аиса Махамбет Редактор
29.03.2024, 18:25
770
Маңғыстауда теңіз жағасынан 40 итбалықтың өлексесі табылған бейнежазбадан алынған кадр

Әлеуметтік желіде итбалықтардың өлген өлекселерінің видеосы тарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кадрларда көздері зақымдалған бірнеше итбалық теңіз жағасында жатыр. Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкий соңғы үш күнде ауа райының күрт құбылуына байланысты арнайы комиссия жағалауды тексеріп жатқанын айтты.

29 наурызда Түпқараған ауданындағы Урдюк мүйісі мен Баутинская шұңқырының аралығындағы жағалаудан 40 итбалық өлексесі табылды.

Мамандардың тексерісі кезінде олардан дене жарақаттары, жаралар немесе зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылмаған.

"Дауылдан кейін мамандар өлекселерді іздеу үшін үнемі теңіз жағалауын аңдып отырды. Олар басқа жерде өлген, себептерін медициналық сараптама анықтайды. Өлгеннен кейін көздері зақымдалған болуы мүмкін. Оларды құстар жұлып алады", – деді Андрей Руцкий.

Еске салсақ, бұған дейін ғалымдар Каспийдегі итбалық популяциясының апатты жағдайда екенін айтып, дабыл қаққан еді.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды