Әйелдің көңілі ақшада ма? Танымал әнші жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
30.03.2024, 18:18
1631
Әйелдің көңілі ақшада ма? Танымал әнші жауап берді жеке парақшасынан

Отандық шоу-бизнес жұлдызы, әнші Жазира Байырбекова ер-азаматтарды әйелдерін құрметтеуге шақырды. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі желідегі парақшасында отбасындағы ердің әйел үшін жұмсайтын қаражаты туралы ой қозғады.

"Әйелге көп ақша жұмсасаң табысты боласың, жолың болады" деп айтып жүргендерді былай түсіндім. Әйел сыйлық жасағанда, жылы сөз айтқанда, қамқор болғанда көңілі қуанып, ер-азаматына риза болып жүреді.

Әйел ер адамның ризалығын алу керек дегенді көп естиміз. Ер адам да әйелдің ризалығын алу керек. Әйелдің көңілі ақшамен ғана көтеріледі дегенге келіспеймін. Бәрі жетіп тұрғаны, әрине, жақсы ғой. Бірақ бір тал гүлді даладан үзіп әкеліп беріп (қалжыңсыз) шын көңілімен "отбасымызға жасап жүрген еңбегің үшін" деп жылы сөз айтса да риза боламыз. Қымбат сыйлық жасау керек деп бар тапқандарыңызды әйеліңізге жұмсап, ата-анаңызға, бала-шағаңызға жеткізе алмай отырмаңыздар жігіттер. Анаңызға да, әйеліңізге де сіздің ақшаңыздан бұрып жылы сөзіңіз керек. Жылулық, татулық ақшамен өлшенбейді. Мүмкін менің ойым қате шығар… Сіздер қалай ойлайсыздар?”, – деп әнші оқырман қауымға сауал жолдады. 

Желі қолданушылар бірауыздан өнер иесінің пікірімен келісетінін жарыса жазды. 

“Әйел сыйлықты қатты ұнатады, табиғаты сондай”, “Көзге көрінбейтін мың шаруа істеген әйел қауымы барлық жақсыға лайық”, “Еркектер жылы сөйлеп үйрену керек”, “Әр жазбаңыздың астындағы ой тұнып тұрған мұхит сияқты”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)