«Бәрімізге көмектесіп жүретін». Тұрғындар қатыгездікпен өлтірілген тұрғын үй күзетшісі туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
31.03.2024, 17:10
2118
«Бәрімізге көмектесіп жүретін». Тұрғындар қатыгездікпен өлтірілген тұрғын үй күзетшісі туралы айтты ашық дереккөзден

Көлікпен үш рет мыжып, шалажансар күзетшіні тепкілеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы элиталы үйдің тұрғыны күзетшіні асқан жауыздықпен өлтірген. Көлікпен үш рет мыжып, шалажансар күзетшіні тепкілеген. Марқұмның жақындары осы жайтқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы "КТК" телеарнасы жазды.

Телеарна мәліметінше, оңбай жараланған жігіт ауруханаға жеткізілгенімен, тілге келместен жан тапсырды. Нұрбол Қайыпбаевтың артында кәмелетке толмаған үш баласы қалды.

Тұрғындардың айтуынша, бұл оқиғаға екеуінің арасындағы кикілжің себеп болған. Күдікті азамат көлікті масаң күйде айдап қалаға шығуға тырысқан. Күзетші оған бұл әрекетінің заңғы қайшы екенін түсіндіруге тырысыпты.

"Ол қақпадан шықпақ болды. Нұрбол оны тоқтатпақ болды. Енді мас адам, жолға шықса қанша адамды өлтіреді. Сосын Нұрбол көтеріліп келді, ол қайтадан айналып келді. Нұрбол ана жерге көлігін қойды деді де, барып шлагбауымды жапты, қақпаның біреуін жауып, екіншісін жауып жатқан кезде анау қатты келіп үш рет қақты. Оның алдында сыраның шөлмегімен дүңгіршекті шақты", - дейді пәтер иелері кооперативінің директоры Әлия Досмайылова.

"Тек осы бір ер адам ғана үнемі шулатып жүреді. Нашақор, ішіп-шегеді. Кеше де ішіп-шегіп алған. Оқиға әлі көз алдымыздан кетер емес. Асқан қатыгездік қой бұл. Күзетші Нұрбол үнемі күдікті азаматқа, оның отбасына, бәрімізге көмектесіп жүретін. Қаскөй бұған дейін осындағы диспетчерге соққы жасаған. Талай рет полицияға жазғанбыз. Білмеймін, ата-анасы үнемі қорғап алып шығады", - дейді Данеля Сартай.

Сұмдық оқиға болған тұрғын үй кешенінің аумағы қанға боялып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, күзетші ер адам бұл жерде шамамен 5-10 минуттай қансырап жатып, артынша ауруханада көз жұмған. Марқұмның артында шырылдап үш баласы қалды, олар 14, 10 және 5 жаста.

Нұрбол Қайыпбаев отбасының жалғыз асырушысы болған. Тұрғын үй кешенінде ол екі жылдан бері 165 мың теңге айлыққа жұмыс істеп келіпті. Анасы жазда 42 жасқа толар еді деп ботадай боздап отыр.

"Баламның не жамандық жасағанын білмеймін ғой, бірақ балам аңқылдақ болатын. Ешкімге жаманшылдығы жоқ еді. Балам жоқ қой. Баламның орнын немен толтырады алады ол. Білмеймін ғой, немен толтыра алатынын", - дейді марқұмның анасы Майра Қайыпбаева.

"Кеше екінші тәулігі болған. Бүгін үйге келу керек еді. Таңертең хабарласып едім, басқа бір кісі телефон алды да, "сіз жолдасысыз ба, Нұрбол қазір ауруханада" деді. Ондай адамды шығармау керек. Қайтадан тағы біреуді өлтіреді. Оны өлтірмеу керек, түрмеде қинау керек, өмір бойына ..." - дейді марқұмның жары Әсем Молдахунова.

Бұл жағдайға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. 

"Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ер адам қазір уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы ПД бастығының орынбасары Рустам Шәрібаев.

Марқұмның жақындары қылмыскердің жазадан сытылып кетпеуін талап етеді. 45 жастағы күдікті ата-анасымен бірге тұрған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды