Прокурордың бас киімін кигені үшін: Атырауда блогер сотталды

Аиса Махамбет Редактор
31.03.2024, 18:55
815
Прокурордың бас киімін кигені үшін: Атырауда блогер сотталды prokuror.gov

Атырауда сот 26 жастағы блогерге айыппұл салды. Оған прокурордың бас киімін заңсыз кию себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты азамат Ж.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 675-бабының 1-бөлігімен "Әскери киімнің айырым белгілері және (немесе) рәміздері бар киімді заңсыз кию" әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараған.

“Сот анықтағандай, азамат Ж.-ның 2024 жылғы 21 ақпанда Атырау қаласының №2 сот ғимаратында прокурордың арнайы қысқы бас киімін, яғни айырым белгілері мен рәміздері бар нысанды киімін заңсыз киіп келген. Ж.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, фотосуреттермен толық расталған”, – делінген АқЖайық сайтындағы материалда.

Блогер сот шешімімен кінәлі деп танылды. Оның жеке басын және жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, 18 460 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Алматы облысында 3 жасар егіздер мен 9 жасар қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталғаны хабарланған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді