Қуандық Бишімбаев сотта С.Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады

01.04.2024, 12:36
849
Қуандық Бишімбаев сотта С.Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Экс-министр Қуандық Бишімбаев бүгінгі сот отырысында қазаның зардабын жан-дүниесімен сезінетінін айтып, марқұм С. Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады.

 

«Шын мәнінде маған сөз сөйлеу өте қиын. Мен түсінем және ешқандай кешірімнен үміттенбеймін. Бірақ бұл - менің адамдық борышым. Мына жерде жәбірленушілер, оның (С. Нүкенова - ред.) туыстары, ата-анасы отыр. Шынымды айтсам, алғашында оның өлімін ой-санаммен қабылдау қиын болды, - деп бастады ол. - Кешірім сұрағым келеді. Мен ешқандай кешірімнен дәметпеймін. Бірақ бұл - менің ішкі міндетім, жан-дүниемнің үндеуі. Мен бұл жоғалтудың салмағын бағамдаймын және оған қатысым бар екенін түсінемін. Бірінші айтқым келетіні осы».

Сондай-ақ, ол өзіне тағылған айыпты неге ішінара ғана мойындайтынын түсіндірді.

«Екіншіден, құрметті алқабилер, менің кінәлі емес екенімді, кінәмді мойындамайтынымды айта отырып мынаны түсіндіргім келеді. Құрметті, сот, процеске қатысушылар, мен өзімді жұбайым Салтанатты асқан қатыгездікпен саналы түрде ойластырып өлтірді деген айыпты мойындамаймын», - деді Қуандық Бишімбаев.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады