Министр Саясат Нұрбек Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен келді

02.04.2024, 19:44
614
Министр Саясат Нұрбек Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен келді gov.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Корея Республикасының Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Ли Чжон Хо мырзамен кездесуі өтті.

Кездесу министр С. Нұрбектің 2024 жылғы 1-2 сәуірде Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары аясында өтті.

Тараптар екі елдің ғылым және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастығын талқылады. С.Нұрбек әріптесіне Қазақстандағы жоғары білім мен ғылым саласындағы реформалар туралы айтып берді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстанда жасанды интеллектті зерттейтін 3 мектеп ашуды тапсырып, Қазақстанда KAIST шетелдік филиалын ашу бастамасын қолдауды ұсынды.

«Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекет басшысының тағылымдамадан өту үшін жыл сайын әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-ға 500 ғалымды жіберу жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға және қайта даярлауға ерекше назар аударылады, осыған байланысты «Болашақ» бағдарламалары мен «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалары бойынша елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты кеңейту аса маңызды рөл атқарады. Өздеріңіз білетіндей, Оңтүстік Корея осы бағыт бойынша озық нәтижелерге қол жеткізді», – деді С.Нұрбек.

Сондай-ақ, Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек KAIST-тің Қазақстандағы шетелдік филиалын ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Ли Чжон Хо мырза Қазақстанда филиал ашуға толық көмек көрсетуге уәде берді.

Өз кезегінде Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Ли Чжон Хо мырза K-cloud project жобасын іске асыру туралы айтып берді, сондай-ақ ғылымда үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін Қазақстан мен Кореяның стипендиялық бағдарламаларының күш-жігерін біріктіруді ұсынды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы ғылымды дамыту бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою мүмкіндігін талқылады.

Анықтама:  KAIST университеті әлемде және жаһандық академиялық қоғамдастықта электротехника, информатика, машина жасау және инженерия салаларындағы инновациялық зерттеулері мен әзірлемелерімен кеңінен танымал. Ол Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең инновациялық университет ретінде танылды, сонымен қатар Times Higher Education журналының мәліметі бойынша 50 жасқа толмаған әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінде үшінші орында.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты