Ясауи университетінің ғалымдары телескоп жасап шығарды

02.04.2024, 20:17
902
Ясауи университетінің ғалымдары телескоп жасап шығарды gov.kz

Ахмет Ясауи университетінің ғалымдары «STEM және креативтілік» оқу-зертханасында 3D-принтерлер мен басқа да жабдықтардың көмегімен телескоп жасап шығарды.

Құрылғы оқу орны ғалымдары іске асырып жатқан «Инженерлік-техникалық салаларда STEAM білім беру негізігде студенттерді ағылшын тілінде даярлау үдерісін дамыту» гранттық жоба аясында әзірленді. Зерттеу тобы құрамында: жоба жетекшісі –  Физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Шерзод Раманкулов, PhD Бақытжан Курбанбеков, магистр оқытушылар Серік Полатұлы, Нұрқожа Жақсылық, докторант Қажымұқан Келесбаев, магистрант Яхё Каримжанов және т.б. жас ғалымдар бар.

Зерттеушілер жасап шығарған телескоптың жұмыс істеу принципі мен құрылысына сәйкес бөлшектері толық 3D-принтерлерде басып шығарылды. Ғалымдар телескопты студенттермен бірге тексеруден өткізді. Айдың анық кескіні мен айдың бізге көрінетін бөлігіндегі қара дақтар суретке алынды.

Сонымен қатар, «STEM және креативтілік» оқу-зертханасында баламалы энергия көздері саласындағы білім берудің тиімділігін арттыру мақсатында бірнеше STEM стендтері іске қосылды. Күн және жел энергиясының физикалық сипаттамаларын зерделеуге мүмкіндік беретін стендтер оқу үдерісіне ендіріліп, апробациядан өтті. Арзан және қол жетімді түрде құрастырылған бұл стендтерде бірнеше зертханалық жұмыстарды орындауға болады.

Жобаны іске асыру барысында алынған нәтижелер өнеркәсіптік революцияның білім беру жүйелеріне оң әсерін тигізеді, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі өзге де өзекті мәселелердің шешімін іздеуге мүмкіндік береді.

«Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО) Тамара Асар жолдасының зауыт қызметкерлеріне ас берді Белгілі блогер Дана Есеева орамал оны ұяттан құтқарғанын айтты Ұландықтар боксшы Назым Қызайбайға құрмет көрсетті Танымал әнші концерт кезінде жүрегі ұстап, қаза болды Жамбылда жер сілкінісінің кесірінен 17 әлеуметтік нысан бүлінген Наурыздың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы жарияланды Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Жапонияда қыдырып жүр «Қыз туған соң жігітім тастап кетті»: Қарағандыда жаңа туған сәби саудасына қатысты сот жалғасып жатыр Алматылықтарға үй ауласын көгалдандыру үшін тегін көшет таратылып жатыр Бағлан Әбдірайымов «Жігіттер» тобынан кетті Алматылық полиция бастығының орынбасары сотқа іш киіммен қатысқан Бұрынғы полицей жасөспірімдерді зорлаған болуы мүмкін Құлсарылық әйелді бұрынғы күйеуі аурухана ішінде бауыздап кетті «Мама, мені сіз жоқ кезде зорлады»: Түркістанда 37 жастағы еркек 8-сынып оқушысын жүкті қылған Кәрім Мәсімовтің зәулім үйін тағы да ешкім алмай қойды «5.0 балл»: Алматы маңында тағы да жер сілкінді Ауыл баласы ҰБТ-дан 140 балл жинап, рекордты жаңартты Мүгедектігі бар 80 қазақстандық сұранысқа ие кәсіпті оқып, жұмыс тапты Атырауда Жем өзенінің арнасы тереңдетіліп, ені 50 метрге кеңейтілді