Жұмысты ақсатқан министрлер мен әкімдерге бір-бір қатаң сөгіс

03.04.2024, 16:40
684
Жұмысты ақсатқан министрлер мен әкімдерге бір-бір қатаң сөгіс коллаж: smartnews.kz

Биылғы су тасқыны Қазақстан билігі үшін үлкен сынақ болды.

Енді бұдан қорытынды шығарылуы тиіс. Жіберілген кемшіліктердің кесірінен мыңдаған отбасы зардап шекті, мыңнан аса үй су астында қалды, адамдар мүлкінен айырылды, өлген малда есеп жоқ. Тосыннан келген қауіп халықты әбігерге салды.

Төтенше жағдай министрлігінің 31 наурыз күнгі есебінде 1267 үй су астында қалғаны келтірілді. Судың тасқыны жойқын болған Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан және Абай облыстарына көмекке өзге өңірлердің төтенше жағдай қызметкерлері көмекке жұмылдырылды. Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақ тан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау және Абай облыстарында 12 мың 701 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілген. Оның 4 мың 728-і жас бала. Мыңдаған адам уақытша орналастыру бекеттеріне жайғастырылды. Республикалық штабтан бөлек, барлық өңірлерде де шұғыл штаб құрылған. Өңірлерде гуманитарлық көмек тіректері де ашылып жатыр.

30 наурыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл кеңес өткізді. Оған Премьер-министр Олжас Бектенов, Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігінің басшылығы және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты. Президент Үкімет пен әкімдердің жұмысын немқұрайлы және кәсіби міндетіне сәйкес келмейді деп сынға алды. Оның айтуынша, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арасында жүйелі байланыс болмаған. Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен өңірлер тұрғындарына үлкен көлемде шығын келуіне байланысты өкініш білдірді. Мемлекет басшысы қалыптасқан жағдайға байланысты кешірім сұрап, барлық азаматқа көмек көрсетілетінін айтты.

Президент су тасқынына қарсы дер кезінде шара қабылдамағаны үшін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс жариялап, қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту берді. Ал Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады. Лауазым иелерін жазалағаннан су тасқыны тоқтап қалмасы белгілі. Ендігі жерде тасқынның алдын алуда кемшілікті болдырмау, келтірілген залалды есептеу, орнын толтыру, зардап шеккен жандарға жан-жақты көмек көрсету керек. Президент жағдайды қалыпқа келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдаумен қатар жүйелі жұмыс қажет екенін айтты. Ол республикалық штаб құру, барлық өңірде су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ мемлекеттік құрылымдарға шығын көлемін анықтау және алдағы уақытта осындай апаттардың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдау міндеті жүктелді.

Құрылған республикалық штабтың басшысы Премьер-министр Олжас Бектенов, штаб басшысының орынбасары – Премьер министрдің жаңадан тағайындалған орынбасары Қанат Бозымбаев. Штаб құрамына Президент Әкімшілігінің басшылығы, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары енгізілді. Республикалық штабтың отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы және су тасқынына қарсы іс-шараларды күшейту шаралары туралы министрлер мен өңірлердің әкімдері тыңдалды. Шөккен үйлерді қалпына келтіру мен жаңадан салу жұмысына Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражат бөлінетіні айтылды. Үйі апатты деп танылған отбасылардың тізімін жергілікті әкімдіктер жасайды.

Олжас Бектенов, Премьер-министр, республикалық штабтың басшысы:

«Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы іс-шараларды қанағаттанарлықсыз деп сынға алды. Қазірден бастап апаттан келтірілген залалдың көлемін бағалауды бастап, зардап шеккен адамдарға дереу материалдық көмек көрсетуге кірісу керек. Сондай-ақ болашақта мұндай ауқымды су тасқынының алдын алу үшін кешенді шаралар әзірлеу қажет. Әр өңірде нақты іс-қимыл жоспары болуға тиіс».

Су тасқыны болған аймақтарда мыңдаған еріктілер жұмыс істеп жатыр. Олар гуманитарлық көмек тіректерін ашқан. Еріктілер аулалардан қар шығарды. Мәдениет және ақпарат министрлігі көмек көрсетемін дегендерге жергілікті ұйымдарға немесе еріктілердің қызметін үйлестіретін аймақтық фронт-кеңселерге хабарласуға кеңес берді. Сондай-ақ бұл министрлік су тасқыны бойынша жалған ақпарат таратпауға шақырды, оны жасаған адам жауапқа тартылатынын еске салды.

Осындай апақ-сапақ сәтте премьер-министрге жаңа орынбасар тағайындалды. Тағайындалған Қанат Бозымбаевты өте талапшыл, іскер адам деп жатыр. Бозымбаевтың Үкіметке апарылғаны жөн болған деп жатқандар аз емес. Ол өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететіні айтылды. Бұған дейін Президенттің көмекшісі лауазымында болған екен.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты