«Әкем анамды аяусыз ұрып тастады: Маңғыстаулық тұрғын әкесін жазаға тартуды сұрайды

03.06.2024, 12:50
686
«Әкем анамды аяусыз ұрып тастады: Маңғыстаулық тұрғын әкесін жазаға тартуды сұрайды Бейнежазбадан

Оның айтуынша, әкесі ішімдік ішіп алып, анасын аяусыз ұрған. Ал полиция болса, оны 2 сағаттан кейін босатып жіберген.

Мұнайлы ауданының тұрғыны оқиғаны баяндап, әлеуметтік желіге шығарған. 

«Әкем ішіп алып, анамды түн ортасында қуып жүріп, сабаған. Мүгедек қылуға дейін апарды. Полияға беріп жіберсе, қамамай босатып жіберіп отыр. Үйге келіп дым білмеген адам сияқты жүр. Осы жағдайды естіп Алматыдан ұшып келдім. Полицияға кіріп шықтым. Олар «адамды қанша қатты ұрса, жазасы ауыр. Қанша жәй ұрса, жазасы да жеңіл болады, - деп мені шығарып салды», - дейді шағымданушы.

Тұрғын анасының құқығының қорғалуын талап етіп, әкесін жазалауды сұрады. Осы оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық Полиция департаменті жауап берді.

«Кінәлі тұлға отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер және тыныштықты бұзу деректері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - дейді Полиция депатаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Полиция өкілінің айтуынша, сараптама қорытындысы сотқа жолданады. Күдікті соттың шешімімен ғана жауапқа тартылады. Ал әзірге әйеліне жақындамау туралы ескерту берілген.

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)