Ақтөбедегі балабақшада бүлдіршіндерді ұрып-соғып, кафель үстінде ұйықтатқан

24.11.2023, 10:32
1243
Ақтөбедегі балабақшада бүлдіршіндерді ұрып-соғып, кафель үстінде ұйықтатқан видеодан алынған кадр

"Бұл балабақша жабылсын!" дейді ата-аналар.

Smart News хабарлауынша, Ақтөбедегі жекеменшік балабақша басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тәрбиешілер мен бала күтушілер бөбектерге жөнді қарамақ түгілі, оларды ұрып-соққан. Ата-аналар бұл бақшаны мүлдем жауып тастау керек деп отыр. Бұл туралы ktk.kz арнасы жазды.

Біздің талабымыз – балаларды ұрған тәрбиеші мен бала күтушіні, олардың артын жапқан меңгеруші Абылханова Жұлдыз Мұратовна және директор Гүлнәр Серіковна Нартаевна жауапқа тартылсын. Бұл балабақша жабылсын! Ол адамдарды педагог дипломдарынан айрып, бұл салада ешқандай жұмыс істемейтіндей ету керек, - дейді ата-аналардың бірі Әсел Қайдолла.

Ата-аналардың бірі видео түсіріп алыпты. Тілі енді шығып келе жатқан бүлдіршіндердің күнде осылай қорлық көріп жүргенін білмедік дейді. Бөбектерді тас еденге ұйықтатып, жерге отырғызып тамақтандырады екен. Ал дәрі-дәрмек тұрған шкафтары құрттап кеткен. Онмен қоса бейнекамерасы жоқ асханаға апарып ұрып-соғады дейді ата-аналар. Олар жаппай тәртіп сақшыларына да, прокуратураға да арызданған.

«Амир» деп аталатын бұл балабақша мемлекеттік тапсырыспен мемлекеттен қаржыландырылады. Білім бөлімінен құрылған комиссия мен полиция департаменті тергеуге кіріскен. 

ҚР ҚК 140-бабы 1-бөлігі бойынша «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды. Ата-аналардың барлық дәлелдері ескерілетін болады, - дейді Ақтөбе полиция басқармасы №2 ПБ бастығының орынбасары Бауыржан Жұмашев.

Осы балабақшаның видеосын көру үшін сілтемеге өтіңіз: Smart News телеграм арнасы 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді