Актриса Мадина Оспанова екінші жүктілігін тоқтатуға мәжбүр болғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
07.03.2024, 16:38
1843
Актриса Мадина Оспанова екінші жүктілігін тоқтатуға мәжбүр болғанын айтты ашық дереккөзден

Актриса Мадина Оспанованың тұңғышы 3 жасқа таяған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, өнер иесі "Мамский әңгіме" бағдарламасында бірінші баласынан кейін тағы да аяғы ауырлағанын және жүктілікті тоқтатуға мәжбүр болғанын айтып берді. 

"Маған "Енді қыз туып ал" дейді. Тіпті өз анам "Бірінен кейін бірін босанып ал. Жас кезде босанып ал. Мансапты кейін де жасай бересің" дейді.

Қазір жүктілік жоспарымда жоқ деп айта алмаймын. Дайын емеспін, керек емес деп айтпаймын. Алла берсе, қуана қабылдаймын. Бір жыл бұрын аяғым тағы да ауырлады. Мен қатты қуандым. Өкінішке қарай, жүктілікті тоқтатуға мәжбүр болдым. Алла тағы берсе, мен дайынмын. Балаларды жақсы көремін. Мен керемет анамын", - деді ағынан жарылған Мадина Оспанова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мадина Оспанова бірінші сәбиін босанғаннан кейін екі ай бойы төсекке таңылғанын айтқан болатын.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды