Алаяқ келін: Ата-енесінің атына несие рәсімдеп, тақырға отырғызды

05.11.2024, 09:48
1482
Алаяқ келін: Ата-енесінің атына несие рәсімдеп, тақырға отырғызды көрнекі фотосурет / egemen.kz

Әдетте келіндердің «жауы» ене деп әзілдеп жатамыз. Бұл жолы «пысықай» келіннің әккі әрекеті елең еткізіп отыр. Атап айтсақ, Қызылордада күйеуінің ата-анасының атынан алаяқтық жолмен несие алған келіншекке қатысты сот  үкімі шықты.

«Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1),4)-тармақтарымен сотталушы Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Е. ұялы телефонындағы мобильді қосымшасы арқылы қайын атасы мен енесінің ақпараттық жүйеден бейхабар екенін, қарттық жасынпайдаланып, бейнекамераға түсіру арқылы есепшоттарына заңсыз кіріп, ұялы телефонындағы «Halyk bank» мобильді қосымшасы арқылы қайын атасы Ж.-ның атынан 4 626 167 теңге, енесі К.-нің атынан «Kaspi. kz» мобильді қосымшасы арқылы заңсыз кіріп, 2 190 000 теңге мүліктік несиелер рәсімдеп, оны ақшаға айналдырып, бас пайдасына жаратқан», - делінген облыстық сот хабарламасында.

Нәтижесінде, жәбірленушілер Ж.-ға 4 626 167 теңге, К.-ге 2 190 000 теңге мүліктік шығын келтірген.

Сотталушының қылмыстық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, жәбірленушілердің жауаптарымен, банктік анықтамалармен, аударым түбіртектерімен және іс бойынша басқа да құжаттармен дәлелденген. Сотталушы Е. мен жәбірленушілер Ж. және К. арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалған.

Басты сот талқылауында жәбірленуші Ж. сотталушы Е.-ден 4 626 167 теңге залалды өндіруді сұраған, ал жәбірленуші К. талап қоюдан бас тартқан.

Сот үкімімен сотталушы Е. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1), 4)-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.

Азаматтық жауапкер Е.-ден азаматтық талапкер Ж.-ның пайдасына 4 626 167 теңге өндірілген.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды