Алматыдағы жоғары оқу орнында "пәк" қыздардың тізімі жарияланып кеткен

14.02.2024, 13:18
2300
Алматыдағы жоғары оқу орнында "пәк" қыздардың тізімі жарияланып кеткен Qumash

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеке деректерді, оның ішінде медициналық сипаттағы деректі тарату заң бұзушылық екенін атап өтті.

Тараған ақпаратта студенттердің аты-жөні, ЖСН, байланыс нөмірлерінен бөлек, кейбір медициналық қорытынды  деректері көрсетілген.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студенттердің жеке мәліметтерінің таралып кетуі оқиғасына қатысты пікір білдірді.

«Жеке деректерді, оның ішінде медициналық сипаттағы мәліметтерді заңсыз тарату – заң бұзу әрекеті саналады. Осы оқиғада заң бұзу дерегі бар екенін ескере отырып, оны бақылауға алдық. Кінәлілер қолданыстағы заңнама аясында жазаланады», - деді Саясат Нұрбек Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда ол жеке деректерді қорғау туралы заң бар екенін еске салды.

«Аталған оқиға - әкімшілік құқық бұзу дерегі. Бұл ретте, жеке мәліметтерге немқұрайлы қарау жағдайы болуы мүмкін. Сондықтан осы мәселені қатаң реттеу керек», – деді министр.

Бұған дейін қаладағы университеттердің бірінде  WhatsApp желісінде студенттердің тізімі бар құжаттар таралған. Онда қыздардың толық аты-жөнінен басқа, олардың ЖСН-і, ұялы телефон нөмірі мен медициналық деректері бар.

Университет әкімшілігі өкілдері осы жайтқа қатысты пікір білдірді.

"6 ақпанда "Smart Health UniversityCity" ЖШС медбикесі WhatѕАрр мессенджері арқылы механика-математика факультеті деканатының маманы Ж.Смағұловаға осы факультеттің 3-4-курс студенттерінің флюорографиялық зерттеуден өтуін қамтамасыз ету үшін Excells форматында тізімін жіберді. Алайда құжаттарда студенттердің тегі мен аты-жөнінен бөлек, медициналық құпия мәліметтер де болған. Кейін мессенджерлерге жіберу арқылы университет студенттеріне қатысты дәрігерлік құпия деректер мен мәліметтер тарап кеткен. Осы дерек бойынша 14 ақпанда университетте қызметтік тексеріс тағайындалды және Алматы қаласының прокуратурасына прокурорлық ден қою шараларын қабылдауды, студенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді сұрап, өтініш жолданды", - деп жазылған университет әкімшілігі жауабында.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады