Алматыдағы жол апаты: Автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды

23.12.2023, 09:41
921
Алматыдағы жол апаты: Автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды Бейнежазбадан

Алматыда автобус бір топ адамды қағып кетті. Полиция оқиғаға қатысты түсінік берді. Бұл туралы smartnews.kz хабарлап отыр.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, бүгін кешкі сағат 18:15 минутта № 47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған.

«Бақылаудан шығып кеткен автобус аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен.

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Автобус жүргізушісін ұрған ер адамға қатысты ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) және ҚР ҚК 351-бабы (екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ережелерді бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

«Өтірік іш салып алған»: Жұлдыз Әбдікәрімова суррогат ана туралы шындықты айтты «Өмірім оңынан өзгерді»: Танымал әнші Индира Елемес есімін азан шақырып өзгертті (ВИДЕО) Көпбалалы ана Айгүл Иманбаеваға ырымдап бриллиант білезігін сыйға берді (ВИДЕО) Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) «Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды