Астаналық кәсіпкерлер әйелдерге арналған тегін бизнес-тәлімгерлік бағдарламаны іске қосты

09.11.2023, 13:59
929
Астаналық кәсіпкерлер әйелдерге арналған тегін бизнес-тәлімгерлік бағдарламаны іске қосты Камила Алшинова

Астанада Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген кәсіпкерлерге арналған "Sisterhood Power" бизнес-тәлімгерліктің арнайы бағдарламасын іске қосу бойынша баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жобаның басты мақсаты – бизнесті дамыту және кеңейту арналған білім және құралдарды беру, әйелдерге көшбасшылық дағдыларды дамытуға көмектесу және аймақтық әйелдер бизнес қауымдастықтарын қолдау. Оқу бағдарламасы онлайн режимде өтеді және іріктеуден өткен қатысушылар үшін тегін болады. Бағдарлама бойынша бизнестегі әйелдерді оқыту және оларға тәлімгер болу жоспарланып отыр, олар өз кезегінде өз өңірлерінде бизнесті жаңа бастаған кәсіпкерлермен тәжірибелерімен бөлісіп, оларға тәлімгер бола алады. Бағдарлама АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылады. 

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қоғамдық дипломатия бөлімінің басшысы Дебра Ло:

«Көп жылдар бойы АҚШ-тың Дипломатиялық миссиясы Қазақстанның әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі бірқатар бастамаларына қолдау көрсетіп келеді. Біз осы бағдарлама қатысушыларға тәжірибелерін шыңдап, өз кәсіпорындарын дамытуға көмектеседі деп сенеміз, себебі олар, яғни әйелдер, елдің болашақ экономикалық өсуінің қозғаушы күші болып табылады».

"Sisterhood Power" бизнес-тәлімгерлік бағдарламасының бас ұйымдастырушысы, әлеуметтік кәсіпкер, Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының басқарма мүшесі Ләззат Алшынова:

«Біздің бағдарлама Қазақстанның барлық өңірлерінің кәсіпкерлерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Жалпы алғанда, біз 200-ге жуық өтінім тіркедік. Олардың ішінде өндірістен бастап қызмет көрсету саласына дейін бизнестің түрлі салаларын қамтитын 49 қатысушының өтінімі іріктелді. Біздің бағдарламада оқыту процесі барынша тиімді және қолжетімді. Мәселен, кәсіпкерлер басқару, маркетинг және табысты бизнес-модельдерді құру стратегияларымен танысатын зболады. Sisterhood Power – бұл жай ғана бағдарлама емес, бұл идеялар шындыққа айналатын мүмкіндіктер кеңістігі. Біз ұйымдастырушылар мен тәлімгерлер ретінде әйелдерді біріктіруге және олардың бизнес мақсаттарына жетуге көмектесуге тырысамыз».

"Sisterhood Power" бизнес-тәлімгерлік бағдарламасының тәлімгері, кәсіпкер, Қазақстан әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары Баян Тойкебаева:

«Бағдарлама 2 ай бойы тәлімгерлік қолдау және "теңбе-тең" бағдарламасына қатысу бөлімдерінен тұрады, онда әрбір қатысушы өз аймағынан 2 кәсіпкерге тәлімгер болады. Біз бір-бірімізді қолдап, кәсіпкерлер бетпе-бет келетін кедергілерді жойып, бірге дамитын боламыз».

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды