Атырауда соңғы төрт жылда 800 жуық жасөспірім жүкті боп қалған: Дәрігерлер дабыл қақты

28.01.2025, 11:37
669
Атырауда соңғы төрт жылда 800 жуық жасөспірім жүкті боп қалған: Дәрігерлер дабыл қақты Pexels.com

Дәрігерлер елдің батысында жүкті болып қалатын қыздар санының көбеюіне алаңдаулы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында соңғы төрт жылда сегіз жүзге жуық жүкті жасөспірім қыз анықталған. Бұл туралы Almaty.tv жазды.

Телеарнаның мәліметінше, өткен жылы 127 оқушы қыз тіркелген. Олардың жартысы босанса, 45-і түрлі себептермен түсік жасатқан. 

Қорқынышты статистиканың шыңы 2021 жылы болған. Ол кезде 200-ге жуық кәмелетке толмағандар жүкті боп қалған.

«Жасөспірім қыздар көбінесе ата-анасынан қорыққандықтан түсік жасатуға барады. Ал бұл көптеген зардаптарға әкеледі. Біріншіден, әйелдің ұрпақты болу органдарында: жатырда, түтіктерде және аналық бездерде қабыну үрдісі пайда болады. Екіншіден, ол бедеулікке әкелуі мүмкін», - дейді акушер-гинеколог Әйгерім Қайратқызы.

Физикалық бұзылулардан басқа, жас аналарда психикалық бұзылулар да болуы мүмкін. Жасөспірім өзінің жағдайына байланысты қоғамға бейімделе алмайды. Моральдық және материалдық қиындықтар үлкен әсер етеді.

«Қыз бала әкесіз өссе, яғни әке махаббаты жетіспесе ол осы жылуды басқа адамдардан, еркектерден іздейді. Үлкендер алдау арқылы қалағанына қол жеткізеді, ал қыз бұл жағдайда жалғыз қалады» – деп атап өтті психолог Гүлвира Нұрсұлтанқызы.

Жалпы облыс бойынша жеті жарым мыңнан астам әйел жүкті. Олардың арасында өте жас аналар да бар. Жасөспірімдердің жүкті болу жағдайлары Жылыой ауданы мен Атырауда жиі тіркеледі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды