Атыраулық жедел жәрдемшілер келіншекті үйде босандырып, егіздердің өмірін аман алып қалды

30.12.2024, 12:40
632
Атыраулық жедел жәрдемшілер келіншекті үйде босандырып, егіздердің өмірін аман алып қалды atpress.kz

Олар мұндай жағдайға алғаш рет тап болғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жаңа жыл қарсаңында атыраулық әйел егіз қыздарын үйде босанған.

Ана мен сәбилердің өмірін жас фельдшерлер Эльвира Кәрімова мен Қанат Жексембаев аман сақтап қалған көрінеді. Оқиға кеше, 29 желтоқсан күні болған. Сол күні қыздардың анасы толғақ қысқан соң үйіне жедел жәрдем шақырған. Келіншектің үйіне дереу жеткен №9 бригада әйелдің туу уақыты жеткенін, перзентханаға жеткізу қауіпті боларына көздері жеткен.

Эльвира Кәрімованың айтуынша, әріптесі екеуі перзентханаға жеткенше үлгермейтіндерін біліп, еш саспастан әйелді босандыруға кіріскен.

Сурет: atpress.kz / Эльвира Кәрімова

«Біз барған уақытта, баланың басы шығып келе жатты. Мен босандыруға кірісіп кеттім. Бірінші қыз өмірге келіп, кіндігін кесіп жатқанда, келіншек ол егіз екенін айтты. Бастапқыда сасып қалдым. 11 жылдық тәжірибемде мұндай оқиға алғаш рет боп тұр. Бұған дейін қаншама әйелді босандырып алсам да, егіздердің өмірге келуіне алғаш рет куә болдым», – дейді фельдшер Эльвира Кәрімова.

Екінші фельдшер Қанат Жексембаев болса, босандыру процесіне бірінші рет тап болған екен. Оның жұмысқа кіріскеніне бар болғаны бір жыл болған. Соған қарамастан, қос фельдшер кәсіби міндеттерін адал атқарып, ана мен сәбилерді аман алып қалды. 

Айтқандай, әйел босанған соң егіздермен бірге облыстық перзентханаға жеткізілген. Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманованың айтуынша, жыл басынан бері фельдшерлер 49 жүкті ананы үйінде босандырған. Ал жыл аяғындағы егіздердің өз үйінде өмірге келуі – алғаш рет болып тұрған оқиға көрінеді.

Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты «Жаппай Каспийге бет алды»: Израиль шабуылынан кейін мыңдаған адам Ираннан қашуда Өңірлерде өрт қаупі жоғары Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті