«Әжем бүк түсіп ренжіді»: танымал әнші Сәкен Майғазиев алғаш рет туған інісі Тәкенді көрсетті (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
06.01.2025, 14:15
1662
«Әжем бүк түсіп ренжіді»: танымал әнші Сәкен Майғазиев алғаш рет туған інісі Тәкенді көрсетті (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Әнші алғаш рет туған інісі Тәкенді көрсетіп, оның өмірге келгенін айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Сәкен Майғазиев желі қолданушыларына отбасылық оқиғасын әңгімелеп берді.

«Туған інім Тәкен. Анамыз сүт кенжесі Тәкенге жүкті кезінде әжем марқұм түсінде бөлтірік көріпті. Жақсыға жорып, әулетімге қасқыр мінезді, алғыр ұл келгелі тұр екен деп, «Есімін Қасқырбай деп қойыңдар» депті. Әкеміз марқұм туу туралы куәлік алуға барғанда Сәкенге серік болсын деп, атын әрі маған ұқсатып, әрі Тәкен Әлімқұловтың құрметіне Тәкен деп жаздырыпты», – деп жазды әнші.

Әншінің айтуынша, әкесі көп кітап оқитын кісі болған екен.

«Әкем марқұмның үйдегі кітапханасы үлкен болатын. Әкем кітапты көп оқитын кісі еді. Содан әжем әкемнен сұрайды ғой, «Баланың есімін Қасқырбай деп қойдың ба?» деп. Әкем сонда «Сіз айтқан есімді ұмытып қалып, Сәкен балаңызға ұқсатып Тәкен деп жаздыра салдым» дегеніне бүк түсіп ренжіген екен», – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті