Балабақшадағы былық: балалар уланады, өнім бағасы удай қымбат

14.10.2024, 10:35
482
Балабақшадағы былық: балалар уланады, өнім бағасы удай қымбат tengrinews.kz

Соңғы уақытта елімізде білім саласында жағымсыз жағдайлар толастамай тұр. Балабақшада болсын, мектепте болсын заң бұзушылықтар жиі тіркеліп, ата-аналар балаларының болашағына алаңдай бастағаны рас.

Мектеп туралы бөлек әңгіме. Балабақшалардағы былықтар да тыйылмай тұр. Жуырда павлодарлық кәсіпкердің балабақшаларға азық-түлік өнімдерін 300 пайыз (!) қымбатқа тасымалдап келгені анықталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысының мектепке дейінгі мекемелерінде әлеуметтік маңызға ие тауарлардың бағасын негізсіз қымбаттату фактілерінің жолын кесті. Жүргізілген мониторинг барысында өңірдегі 158 мектепке дейінгі мекеменің 108-іне бір ЖШС негізгі жеткізуші болғаны анықталды.

Мектепке дейінгі мекемелермен (балабақшалармен) жасалған шарттарда өндіруші зауытынан алған бағадан әлеуметтік маңызға ие тауарлардың (ӘМАТ) түпкілікті тұтынушысына дейінгі баға айырмашылығы келесідей болған: күнбағыс майы — 286% үстемақымен (453 тг/л-ден 1300 тг/л дейін), қарақұмық жармасы-150% (240 тг/кг-нан 600 тг/кг дейін), қант — 93% (325 тг/кг-нан 630 тг/кг дейін), тауық жұмыртқасы-79% (430 тг/онд-тан 770 тг/онд дейін), тұз-66% (60 тг/кг-нан 100 тг/кг дейін), күріш — 36% (490 тг/кг-нан 670 тг/кг дейін), сары май — 22% (2075 тг/кг-нан 2550 тг/кг дейін).

«Агенттік қабылдаған шаралардың нәтижесінде аталған ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеткізушімен жасалған шарттар күшін жойды. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерде ӘМАТ жеткізу шарттары қайта қаралып, жаңа келісімшарттар жасасу мәселесі қаралып жатыр. Осылайша үнемделген қаражат сомасы 30 млн теңгені құрады», - деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді