«Балаларын тастап күйеуге тиген»: Алматылық келіншектің экс-күйеуі бес баланың әкесі кім екенін білмей дал

Аиса Махамбет Редактор
17.02.2024, 11:51
4460
«Балаларын тастап күйеуге тиген»: Алматылық келіншектің экс-күйеуі бес баланың әкесі кім екенін білмей дал бейнежазбадан алынған кадр

Алматылық тұрғын Мағжанның сегіз жыл отасқан жары Оралай бір күнде бес баласын тастап жас жігітпен қол ұстасып кетіп қалған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Алматылық тұрғын Мағжанның сегіз жыл отасқан жары Оралай бір күнде бес баласын тастап жас жігітпен қол ұстасып кетіп қалған. Ол ақтаулық әулетке жас келін боп түсіп, тіпті беташар тойы да жасалған екен. Түскен жері әйелдің бес баласы бар екенінен хабарсыз болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Келіншектің өзі мұндай қадамға баруына махаббат себеп болғанын айтады. 

“Бұрынғы жұбайыммен бұған дейін де бірнеше рет ажырасқым келді. Екінші баладан кейін ауылға кетіп, ағамның қолында алты ай отырдым. Мағжан өзі келіп алып кетті. Ата-анам, туыстарым “шыда” деп қоса беретін. “5 баламен қайда барасың” дейтін. Маған махаббат жетіспеген шығар, басым айналып қалды. Ол кісі Ақтауға кетейік деп ұсыныс айтты. Бәрін білді, бес балаңмен қабылдаймын деді. Бірақ бұрын отбасын құрмаған жігіт еді, сол себепті беташар жасап, әулетке таныстырғысы келді”, – дейді көпбалалы ана. 

Бірақ келіншектің сөзінше, ол екі ай бұрын ғана тұрмысқа шыққан күйеуі Жараспен отбасы болып кете алмағанын, қазір бірге емес екен. 

Ал оның сегіз жыл отасқан күйеуі бауырындағы бес баланың кімнен екенін білмей дал болып отыр. Сол себепті бес баладан да ДНҚ сынамасын алғысы келетінін айтты. 

“Бұған дейін де үлкен баламды тастап Ерғали есімді көршіме күйеуге шығып кеткен. Ата-анасы құда түсіп, бұл жақ келісіп, бәрі дастархандас болған. Басында қазіргі күйеуінің намысы тапталмасын деп бұл туралы айтқым келмеді. 5 баланы бөлмей-ақ қояйын деп ойладым. Өзі айтып қойды. Баланы мен алып қап бақтым. Енді содан кейін үшінші бала менің қызым емес пе деп күдіктенем”, – дейді Мағжан. 

Оралайдың экс-күйеуінің айтуынша, ол сол кезде балаларды қимай қайтып келген келіншегін қабылдаған. Оралайдың өзі бес баласы бірдей емес, ортаншы қызының кімнен екенін білмейтінін айтты.

“Ол Мағжаннан болмай шықса, Ерғалиден деген сөз. Бірақ көршімнен сынама алуға қарсымын, себебі оның қазір отбасы бар”, – деді ол. 

Бағдарлама соңында ДНҚ нәтижесі жарияланды. Ол бойынша көршісіне күйеуге шықпай тұрғанда туған бір ұл мен қайтып келгеннен кейін өмірге келген қыз Мағжаннан болмай шықты. 

Бағдарламадан кейін экс-ерлі-зайыпты медиация келісіміне қол қойды. Мағжан бес баланы бұрынғы келіншегіне қалдырып, өзінен туған үш балаға алимент төлейтін боп келісті. Ол ай сайын жалақысының 50 пайызын беріп тұруға, ал келіншек балаларды әкесіне кез келген уақытта көрсетіп тұруға міндеттелді. 

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады