4963

Бетперделі жігіттің жаңа ерлігі: әке-шешесі тастап кеткен науқас жасөспірім қызды қуантты (ВИДЕО)

Бетперделі жігіт 16 жастағы Айнұрдың еміне қаражат және кірсе шыққысыз үлкен пәтерді сыйға берді.

Бетперделі жігіттің жаңа ерлігі: әке-шешесі тастап кеткен науқас жасөспірім қызды қуантты (ВИДЕО)
коллаж smartnews.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде «Человек в маске» атымен танымал бетперде таққан жігіт өмірдің сынағына қарсы өз күшімен төтеп беріп келе жатқан қаршадай қызды қуантты.

«Менің атым Айнұр. Жасым 16-да. Бүгін менің туған күнім. Мен ДЦП-мен ауырамын. 3 топтағы мүгедекпін. Мені кішкентай үш айлық кезімде анам тастап кетті. Әкем бөлек отбасыда тұрады. Әжем екеуміз жалдамалы пәтерде тұрамыз», - дейді Айнұр.

Айнұр ең үлкен арманы туралы айтып берді.

«Денсаулығымды дұрыстап, дизайнер мен суретші болу», - деді ол.

Арманы асқақ Айнұр өз анасына деген ренішін де жасырмады.

«Анама ренішім бар. Анасы өз баласын тастап кетуі дұрыс емес деп ойлаймын», - деді ол.

Айнұрға бетперделі жігіт жанашырлық танытып, "Осы кезден бастап сенің ағаң болсам, қалай қарайсың?" деп сұрады. Артынша Айнұрдың еміне қажетті қаражатты ұсынып, жап-жаңа пәтердің кілтін ұстатты. Қуанышын жасыра алмаған Айнұр жылап қалды.

Материал авторы