«Бір күн ауру, бір күн сау»: 94 жастағы Бибігүл Төлегенова қазіргі жағдайы жайлы айтты

Аиса Махамбет Редактор
08.02.2024, 16:59
5424
«Бір күн ауру, бір күн сау»: 94 жастағы Бибігүл Төлегенова қазіргі жағдайы жайлы айтты видеодан алынған кадр

Қазақтың атын әлемге танытқан бұлбұл әнші жалғыз қызы екеуі нендей күн көріп жүргенін жасырмады.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, ерекше дауысы әр қазақтың құлағында тұрған бұлбұл әнші Бибігүл Төлегенованың сұлулығына әлі де ел қызыға қарайды. Әдемі қартайған әнші ғасыр құрдасына айналғалы отыр. Төлегенова жастайынан сұлулығын сақтап, күтініп жүретін әйелдер қатарынан емес екенін жиі айтады. Бұл туралы kyn.kz жазды

Тіпті "сұлулығым өміріме қатты әсер етті, қазақтың қарапайым әйелі ретінде ер адамнан, отбасылық қиындықтан көргенім аз емес "деп жиі есіне алады.

"Қазақта "Бір күн - ауру, бір күн - сау. Таба алмадым дертін" деген мақал бар ғой. Денсаулығым қазір сол сияқты. Бүгін жақсымын. Көбіне үйде отырамын. Қазір далаға шыға алмаймын. Екі аяғым ауырады. Бірақ былай жаман емеспін, Құдайға шүкір. Тамағым да жақсы. Жағдайым да жаман емес. Бір тал қызым бар - Гюзель. Екеуіміз бірге тұрамыз. Көбіне екеуіміз біргеміз. Сол қызым мені бағады, Құдайға шүкір. Қашан да болса, Гюзель жанымда", - деді Бибігүл Төлегенова.

Әнші өзінен бір мүшел үлкен ер адамға анасының рұқсатынсыз тұрмысқа шығып, бақытты бола алмағанын да жасырмайды. Өнерде өз ізін қалдыруды армандаған жас Төлегенова күйбең тірлікті, қара жұмысты, күйеуй көрсеткен қиындықты да басынан өткізген.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды