Биыл ардагерлердің жәрдемақысы үшін 16 млрд-тан астам ақша бөлінген

24.01.2025, 10:20
639
Биыл ардагерлердің жәрдемақысы үшін 16 млрд-тан астам ақша бөлінген Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Қазір Қазақстанда 85 203 ардагер тұрады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ардагерлердің ішінде Ұлы Отан соғысының 120 ардагері, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 983 ардагер, 26 506 басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, 41 594 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккері бар. 2024 жылы ардагерлердің аталған санаттарына 16,7 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленген.

2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған. 

Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:

ҰОС ардагерлері — 16 АЕК (2025 жылы — 62 912 теңге);

Жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:

— ҰОС кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар — 7,55 АЕК (2025 жылы — 27 875 теңге);

— жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар — 6,19 АЕК (2025 жылы — 24 339 теңге);

Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:

— Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар — 6,19 АЕК (2025 жылы — 24 339 теңге);

— Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер — 4,8 АЕК (2025 жылы — 18 874 теңге);

ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері — 2,13 АЕК (2025 жылы — 8 376 теңге).
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төлеу жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толатынын жазған болатынбыз.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады