Босанған әйелдерге тегін дәрі қобдишасын бермегені үшін прокурорлар шымкенттік дәрігерлерді жазалады
Перзентханада берілуге тиіс «ана мен бала медициналық қобдишасын» бермей жүрген дәрігерлер ұсталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте перзентханадан шығарылған әйелдерге ана мен бала қобдишасын бермеген дәрігерлер жазаланды.
Қала прокуратурасының мәліметінше талдау жүргізу кезінде қадағалау органының қызметкерлері анықтағандай, 2763 босанған әйел бұл дәрі қобдишаларсыз шыққан. Прокуратураның араласуынан кейін оларға тиісті медициналық құралдар берілді.
“№2 қалалық аурухананың бас дәрігері фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, бес медицина қызметкеріне тәртіптік жаза қолданылды”,- деді Шымкент қаласының прокуратурасы.
Материал авторы