«Бұл – кек қайтаруға талпыныс!»: депутат Дариға Назарбаеваны мақтайтын видео таралғанын айтты (ВИДЕО)

20.11.2024, 19:35
664
«Бұл – кек қайтаруға талпыныс!»: депутат Дариға Назарбаеваны мақтайтын видео таралғанын айтты (ВИДЕО) SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Бұрынғы жүйені мадақтайтын, Назарбаеваны жақсы адам ретінде көрсететін видео жариялады деп мәлімдеме жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мәжіліс отырысында депутат Ермұрат Бапи сенаттың бұрынғы төрағасы Дариға Назарбаева туралы сөз қозғады. Ол әлеуметтік желіде бұрынғы жүйені аңсайтын видео жарияланғанын мәлімдеп, мұны «саяси манипулация» деп атады. 

«Жақында әлеуметтік желілерде парламент сенатының бұрынғы төрайымы Дариға Назарбаеваны мадақтайтын видео таралды. Оның «адамгершілік қасиеттері» басқалардан артық болса, ешкім дау айтпас еді. Алайда ол елде саяси маңызы жағынан екінші қызметті атқарғанын естен шығармауымыз керек. Сондықтан бұны бұрынғы жүйені мадақтауды көздейтін саяси манипуляция деп қабылдауымыз керек», - деп мәлімдеді Ермұрат Бапи. 

Оның пікірінше, мұндай әрекеттер «қоғам бірлігіне сызат түсіреді». Бапи оны «іріткі салу, кек қайтару немесе ескі тәртіпке қайта оралуға» талпыныс деп атады. Депутаттың мәлімдеуінше, «бұрынғы жүйенің басқа да өкілдері», сонымен бірге Қанды Қаңтар оқиғасына қатысы бар адамдар қоғамға іріткі салатын идеяларды енгізіп жатыр.

«Қазір олар ұлттық дәстүрге қарсы идеология таратып, қарымта қайтару мақсатын көзейтін көңіл-күй енгізуге талпынып жатыр. Олардың мақсаты – әлеуметтік наразылық арқылы қоғамға іріткі салу. Олар танымал интернет-ресурстарды қаржыландырып, солардың платформаларын саяси толқулар тудыру үшін пайдаланып жатыр. Менде осы әрекеттер туралы инсайдерлік ақпарат бар», - деп мәлімдеді депутат. 

Ермұрат Бапи Ұлттық қауіпсіздік комитетінен осындай идеялар дереккөздерін анықтап, бұл адамдардың кімдер екені туралы қоғамға мәлімет беруді сұрады.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген