«Чемпиондар аккредитациясыз қалды»: Головкин баласын Парижге алып барды деген ақпарат тарады

31.07.2024, 11:51
1036
«Чемпиондар аккредитациясыз қалды»: Головкин баласын Парижге алып барды деген ақпарат тарады бейнежазбадан алынған кадр

Желіде Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин өз баласын аккредитациядан өткізіп, Париж Олимпиадасына алып барды деген ақпарат тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, саясаттанушы Талғат Қалиев биыл Париж Олимпиадасына баруға тиіс тұлғалар аккредитациясыз қалғанын айтты. 

Мұнда көбі аккредитациядан өткенін білдіретін бейджбен отырған баланың Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкиннің ұлы екенін айтып жатыр. Головкин қазақ спортына ең мықты америкалық тәсілдерді, стандарттарды және дәстүрлерді енгізеді деп ойлаған едік. Алайда ол ескілікті күшейтуді әрекет етіп жатқан сияқты. Биыл Олимпиадаға баруға лайық болған көптеген шенеуніктер аккредитациясыз қалды. Ал Головкиннің ағасы мен ұлы олимпиада тамашалауға кетті, – деп жазды ол. 

Ал журналист Михаил Козачков, комитет өкілі Жанар Өтешова Олимпиадаға тек керек адамдар іріктелгенін алдын ала мақтанышпен хабарлағанын айтты. 

Олимпиададағы күлкілі жағдай. Ойын қарсаңында Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Жанар Өтешева өзінің Telegram-арнасында Парижге делегация құрамымен ең қажет адамдар ғана баратынын айтты. Ол артық жолаушыларға аккредитациядан бас тартылғанын мақтанышпен хабарлаған еді. Ол тек спортшыларды, жаттықтырушыларды, менеджерлер мен спарринг серіктестерді қабылдадық деген еді. Бірақ Олимпиада ойындарын қарап отырсам, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкиннің ұлын көзім шалды. Неге екені белгісіз, оның мойнында бейдж бар. Бұл аккредитациядан өткенінің белгісі болса керек. Осы орайда мынадай сұрақ туады: ол біреудің спарринг серіктесі ме әлде жаттықтырушы ма?, – деп жазды журналист.

Айта кетейік, бұған дейін Париждегі Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан делегациясына 900 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген еді. Қазақстандық делегация құрамында Париждегі Олимпиада ойындарына 209 қазақстандық баратыны да айтылған. 

Қазақстан делегациясында Парижге мына адамдар барған:

  • спортшылар мен жаттықтырушылар – 149 адам (оның ішінде спортшылар саны – 80)
  • Туризм және спорт министрлігі – 5 адам;
  • Ұлттық Олимпиада комитеті – 10 адам;
  • Спортты дамыту басқармасы – 6 адам;
  • Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығының дәрігерлері, массажистері – 23 адам;
  • БАҚ өкілдері – 16 адам. 
«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды