«Денсаулықта ақау болса, қарайып кетеді»: Басы дауға қалған Ерке Есмахан ел алдында ақталды

Аиса Махамбет Редактор
21.01.2025, 15:35
1168
«Денсаулықта ақау болса, қарайып кетеді»: Басы дауға қалған Ерке Есмахан ел алдында ақталды жеке мұрағатынан

Өзім шок болдым дейді бизнеске кіріскен әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Ерке Есмахан шығарған бұйымының сапасыз екенін мойындап, халықтан кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Өнер иесі отандық өнімнің сапасыз өндірілетінін жеткізді. 

“Ерке Сотуар" менің идеям! Менің жүрегімнен шыққан туынды. Сіздерге деген менің ақ тілегім. Оған күмән болмасын. Бірақ сапасы жағы көңілімді түсірді. Өзім шок болдым. Кей сотуарлар өңін өзгертіп жатыр екен. Неше күннен бері командамен мұның себебін зерттеп жатырмыз. Шебер бұл жерде екі себебі бар дейді: біріншісі, 100% қолдан шыққан бұйым болғандықтан, кейбіреулерінде ақау бар деп мойындап тұр. Екіншісі, күміске алтын жалатылғандықтан, тағушының денсаулығында ақау болса, бұйым өңін өзгертеді дейді. Күміс – емдік металл. Мұны да естен шығармайық”, – деп әшекейдің қарайып кетуінің себебін түсіндірді әнші.

Одан кейін өнер иесі ақауы бар әшекейдің мәселесін шешіп, сатып алушылардың ақшасын қайтарып беретінін айтты. 

“Осының бәрін дұрыстап қадағаламаған менің және командамның кінәсі. Қазақ шеберлері барлық бұйымды мінсіз жасап беретініне сендім. Бірақ “made in Kazakhstan”, емес пе?! Енді қайтемін?! Біздің елде ондай болады. Кемшілік іздеп, оны тауып, қуанып жариялап жатқандарға ештеңе айта алмаймын. Жақсы атқа да, жаман атқа да қалатын өзім-ай, өзім. Енді айтарым, қыздарым! Егер сотуар қарайып, өзгеріп жатса, командаға хабарласыңыздар, проблеманы шешіп береді. Еш уайымдамаңыздар. Мені таба алмай қалмайсыздар, алдарыңызда жүрмін. Қазақстанға қайтып келемін. Сондықтан бірнеше ақау сотуар үшін еңбегімізді, сіздерге деген тілегімізді жоққа шығармаңыздар", – деді Ерке Есмахан.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды