«Дін себеп»: комитет өкілдері қызылша ауруының өршуіне қатысты пікір білдірді

10.11.2023, 18:03
788
«Дін себеп»: комитет өкілдері қызылша ауруының өршуіне қатысты пікір білдірді ашық дереккөзден

Қазақстан халқын ұлттық деңгейдегі жоспарлы иммундауға вакцина жеткілікті мөлшерде жыл сайын сатып алынады. Қазіргі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинаның қосымша көлемін сатып алу жұмыстары жүргізілді.

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы сараптамалық дөңгелек үстел барысында «Қазақстандықтар тарапынан сұраныс жоғары болса, вакцина мөлшері жете ме?» деген сұраққа жауап беру кезінде осылай деді. 

«Осы жұмыстардың аясында 1 млрд теңгеден астам ақша бөлініп, 500 мың доза өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының үнемделген қаражаты есебінен сатып алынса, бұдан басқа Үкімет резервінен 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді оған 1 млн шамасындағы қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы құрама вакцина сатып алынып жатыр», – деді Нұршай Әзімбаева.

Оның айтуынша, бұл вакцинаның 500 мың көлемі осы айдың соңына дейін келіп түседі деп жоспарланса, екінші көлемі 1 млн доза желтоқсан айында жеткізіліп, бүкіл өңірлерге тарату көзделіп отыр.

Сондай-ақ, маман қазақстандықтардың вакциналаудан бас тарту себептері ретінде қызылша ауруының қауіптілігін білмеуін, жеке нанымдарын, діни сенімдерін және теріс ақпаратқа еру жағдайларын атап өтті.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді