Дүкеннен ұсақ-түйек бұйымдар ұрлауды кәсіп еткендер де бар

28.09.2023, 12:43
525
Дүкеннен ұсақ-түйек бұйымдар ұрлауды кәсіп еткендер де бар canva.com

Арамызда дүкеннен ұсақ-түйек бұйымдарды ұрлаумен айналысатындар аз емес. Кейде солардың әшкере болып жататын сәттерін де көреміз. Ал ұсталмай жүргендері қаншама!

Пендешілікпен ұрлық жасағандар бұл кәсіптеріне бойы үйреніп кететін болса керек. Өздерін тыя алмауы да содан болар. Демек, ұрлықтың өзі де құмарпаздыққа ұқсас нәрсе ме, кім білсін. Ұрлаған бұйымдарын өзге дүкендерге өткізіп, ақшаға айналдырулары да мүмкін.

Шымкентте дүкендерден әтір ұрлауға дәніккен әйел бар екен. Бір өкініштісі, ол әйел ұрлыққа өзінің қызын да баулыған. Жақында анасы мен қызы әтір ұрлап шыққаннан кейін бірге қолға түсті.  Полицияға қаладағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан косметика дүкенінен парфюмерия ұрланғаны туралы хабарлама барып түскен. Дүкен сатушысы екі әйелдің сауда орнынан парфюмерия өнімдерін жасырын түрде алып кеткенін көрсетті. Олар бұған дейін де үш рет осы дүкенге кіріп ұрлық жасағанын келтірді. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтады. Олар жергілікті тұрғындар – анасы мен қызы болып шықты. Анасы мен қызы сөредегі тауарларды мұқият қарап жүргендей кейіп танытып, қымбат әтірлерді тез әрі байқатпай сөмкеге салып, артынша сауда нүктесінен кетуге асыққан. Қазір тергеу жүріп жатыр. Содан кейін қылмыстық іс процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Анасы мен қызы әтір ұрлауды оңай олжа көрді ме екен... Енді олардың қай жерден қанша әтір ұрлағаны, оларды қайда апарып өткізіп келгені анықталатын болса керек. Мүмкін адал еңбекпен ақша табудың жолын таппаған болар. Қолдарынан басқа кәсіп келмей, ұрлыққа дәндеп қалған отбасы болса керек. Енді міне, қолмен жасағанды мойынмен көтерулеріне тура келеді. Туыстары мен таныстарының және көршілерінің алдында масқара болды деген осы емес пе? Әтір ұрлауға машықтанған анасы мен қызы деген атқа қалды.

Осыған ұқсас жағдайлар әр өңірде болып жатады. Майда-шүйда затқа көз тігіп, ұсақ ұрлықпен күнелтуді кәсіп етіп алғандар арамызда аз да емес. Өскеменде дүкеннен ерлердің түрсиін ұрлап сатуға машықтанған адамның ұсталған оқиғасы бар. Сол қаланың 28 жастағы ер адамы дүкеннен ерлердің 20 түрсиін ұрлап шыққан. Осыншама іш киімді ол өзіне алмасы белгілі.

Полицейлер ұрыны ізін суытпай-ақ қолға түсірген еді, бірақ іш киімнің бәрін көшеден өткен-кеткендерге сатып, ақшасын жаратып үлгерген екен. Бұрын да осындай тірлікпен айналысып келген ұры қамауға алынды.

Өскеменнің тағы бір ер адамы дүкеннен әйелдердің іш киімін ұрлауды кәсіп кетіп келіпті. Бір жолы ол әйелдер іш киімінің 28 комплектісін ұрлап шығып бара жатқан жерінен ұсталды. 56 мың теңгенің іш киімі дүкенге қайтарылды. Ұры істі болды.

Сол Өскеменде тағы бір жігіт дүкендерден әйелдер қолданатын опа-далап ұрлауға дәніккен екен. Бір жолы ерін бояйтын помаданы қорабымен ұрлап шыққан еді. Оның әрекетін байқап қалған бір адам дереу полицияға хабар берген. Артынша ұсталған. Ұры сол қаланың 27 жастағы тұрғыны болып шыққан, бұрын сотталған адам екен. 

Тағы да Өскеменді айтамыз. Бір әйел дүкеннен 23 пар шұлық ұрлап шыққан сәтінде оны сол дүкеннің күзетшісі ұстап алған. Өйткені шұлықты ұрлап, сөмкеге жымқырып жатқан сәті бейнекамераға түсіп қалған еді. Шақырылған полиция барып, ұры әйелді құрықтады. 23 мың теңге тұратын 23 пар шұлық дүкенге қайтарылды. Ал ұры әйел 1,5 жылға сотталып кетті. Шұлық ұрлығы Астанада да тіркелген. Астанада ер адам дүкеннен 30 мың теңгенің шұлығын ұрлап шыққан. Ерлер және әйелдер шұлығын сатып, ақшаға айналдырмақ болған ғой. Шұлықтың жоғын байқаған дүкен сатушысы полицияға хабарлаған. Полиция ұрыны анықтап, ұстаған. Ол адам ұрлық, кісі тонау әрекеттерімен бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. Тағы да істі болды.

Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданында 28 жастағы әйел дүкеннен өзіне керек заттарды алып жатқанында құны 8 мың теңге тұратын тональдық керем көзіне оттай басылыпты. Соны қалай да алғысы келіп, ақшаға емес, тегін алуды ойлап, қалтасына сүңгітіп жіберген екен. Онысы бейнекамераға тайға таңба басқандай болып жазылып қалған. Ұсталып, 60 мың теңге айыппұл төлеп құтылды.

Әрине, ұрлық болғаннан кейін оның үлкен-кішісі жоқ. Ұсақ бұйымды ұрлауға машықтанғандар да, баукеспе ірі ұрылар да заң бұзушылардың бір тайпасына жатқызылады. Дегенмен әйелдер мен ерлердің қайдағы бір әтір, опа-далап, түрси, шұлық ұрлауды кәсіп еткендеріне айдаладағы мына біз ұялып отырмыз.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады