Екі полицейдің оқушы қызды зорлағаны рас па?: Департамент жауабы

17.11.2023, 18:41
1605
Екі полицейдің оқушы қызды зорлағаны рас па?: Департамент жауабы tengrinews.kz

Оқушы қызды екі полиция зорлап, видеосын таратты деген ақпарат шықты.

"Немолчиkz" қоры Қонаев қаласында полицейлер 14 жастағы жасөспірім қызды зорлағаны туралы ақпарат жариялады. Алматы облысы полиция департаменті бұл жазбаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы nur.kz басылымы жазды.

"Немолчиkz" қоры Facebook парақшасында жариялаған ақпаратқа сәйкес, Қонаев қаласында екі полицей лауазымын асыра пайдаланып, 14 жастағы оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсірген және мессенджерлерде таратқан.

"Олардың бірі – кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, екіншісі – мекеме күзет полицейі. Қазір екеуі де қамауға алынып, жұмыстан қуылды", – деп жазылған "Немолчиkz" қоры жазбасында.

Қоғам белсенділері бас прокурор мен балалар омбудсменінен бұл істі бақылауға алуды сұрады. Алматы облысы полиция департаменті nur.kz тілшісіне берген ақпараты бойынша, кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты қылмыс жасады деп күдіктелген адамдар қамауға алынған. Алайда полиция күдіктілер тәртіп сақшылары екенін растаған жоқ.

"Биыл қарашаның 7-сі Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны полицияға қоңырау шалып, бұған дейін бейтаныс екі тұлға оның кәмелетке толмаған қызына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасады деп арызданған. Сол күні Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша екі қылмыстық іс тіркелді", – деп атап өтті ведомство баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 2000 мен 2001 жылы туған күдіктілерді анықтап, ұстаған. Олар қамауға алынды.

"Жақын арада сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық іс бойынша материалдар сот қарауына жіберіледі", – деп қосты ведомство өкілдері.

Ведомство өкілі аталған іс бойынша Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын айтты.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды