Экс-министр Бағдат Мусиннің бала тәрбиелеу тәсілі көпшілікті таңғалдырды.

Аиса Махамбет Редактор
21.10.2024, 10:27
1219
Экс-министр Бағдат Мусиннің бала тәрбиелеу тәсілі көпшілікті таңғалдырды. жеке мұрағатынан

Көпбалалы әкенің отбасындағы ерекше дәстүр талқыға түсті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазіргі таңда «Қазақтелеком» АҚ басқарып отырған Бағдат Мусин әлеуметтік желіде отбасылық видеосын жариялады.

20 қазан күні экс-министр өзінің Instagram-дағы парақшасында ұлының домбыра шертіп отырған видеосын жариялады.

Балам жексенбі күнін күтіп, мектепте не үйренгенін бізге көрсетіп жатыр. Мақсат, бір жағынан, оның еңбегін бағалау болса, екінші жағынан, інісіне де үлгі көрсету. Мейлі, дәл қазір ұқпаса да, кейін домбыраның үнін бойына сіңіріп өседі. Қадір Мырза Әлі айтпақшы, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра!» - деді Мусин.

Ол сонымен қатар күнделікті өмірде балаларға уақыт бөлуді ұмытпау керектігін де еске салды.

Күйбең тірліктің арасында балалармен уақыт өткізудің қаншалықты маңызды екенін ұмытып кетіп жатамыз. Біздің отбасымызда жақсы дәстүр бар - әр жексенбіні бәріміз бірге өткіземіз. Осы күнді асыға күтеміз. Сол себептен, біз үшін жексенбі - кішкентай мейрам, отбасылық мереке күні.

Сіздердің де үйде домбыра үні шырқалып, балалар асыр сап ойнап, ата-анаңыз олардың қылықтарына тоймай отыра берсін! Отбасымыз аман болсын! – деп жазды ол.

«Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады