1644

Енді Ұлттық қордан балаңызға қанша ақша түскенін тексере аласыз

Ұлттық қордан әр балаға қанша ақша түскенін kids.enpf.kz сілтемесінен біле аласыз. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Енді Ұлттық қордан балаңызға қанша ақша түскенін тексере аласыз
canva.com

Алдымен kids.enpf.kz сілтемесіне кіру керек. “Ұлттық қор - балаларға” деген БЖЗҚ-ның порталы ашылады. Соның төменгі жағында ЖСН деген ұяшық тұр. Соған балаңыздың жеке сандық нөмірін енгізесіз. ЖСН енгізсеңіз, қанша ақша түскенін байқауға болады.

Әзірге әр балаға 100 АҚШ долларынан (4500 теңге) түсті. Ай сайын түскен соманы балаңыз 18 жасқа толғаннан кейін ғана ала аласыз.