Fix Price компаниясы «Астана» халықаралық қаржы орталығына көшті

04.07.2024, 15:06
964
Fix Price компаниясы «Астана» халықаралық қаржы орталығына көшті ria.ru

Fix Price Group PLC компаниясы Кипрден «Астана» халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) қайта тіркелді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, компанияның көшу процесі – редомициляция – компанияның бүкіл бизнес-құрылымымен, компанияның қолданыстағы шарттарымен және міндеттемелерімен заңды тұлға мәртебесін сақтай отырып, юрисдикциясын өзгертетуін білдіреді.

Fix Price-тың АХҚО-ға редомициляциясы осы жылдың маусым айында өтті. Бұл іс-шара компания мен АХҚО арасындағы бір жылға жуық уақытқа созылған үйлестіру жұмыстарының нәтижесі болды.

Fix Price Group холдингтік компаниясы және оның жергілікті еншілес ұйымдары әлемнің 9 елінде Fix Price халықаралық брендімен 6,5 мыңнан астам дүкенді басқарады, ірі қатысу нарықтары – Ресей, Беларусь және Қазақстан. Қазақстанда желі «Бэст Прайс Қазақстан ЖШС» жергілікті еншілес компаниясы арқылы 300-ден астам сауда нүктесін басқарады және 1,9 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

«Орталықтың комплаенс саласындағы жоғары стандарттары және халықаралық деңгейде танылған реттеуші тәсілдері бизнесті юрисдикцияға тарта отырып, ел ішінде және өңірде әділ әрі ашық қаржы нарығы мен капитал нарығын қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды. Fix Price жоғары капиталдандырылған ірі жария компания ретіндеАХҚО-ның халықаралық компаниялар үшін қолайлы юрисдикция ретіндегіпозициясын күшейтеді, оның ішінде аймаққа жаңа инвесторлар менстейкхолдерлерді тартады», - деді АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров.

Компанияның өз хабарлауынша, Қазақстанға редомициляция Fix Price Group-тың капитал мен жаңа инвесторларды тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді, қазіргі стейкхолдерлермен жұмыс істеу процесін жеңілдетеді. Компанияның өзі үшін артықшылықтардан басқа, Fix Price Group халықаралық компаниясының бағалы қағаздарының қосылуы АХҚО-ның өңірдегі маңызды қаржы хабы ретінде одан әрі дамуына өз үлесін қосады деп үміттенеміз.

Fix Price Group PLC АХҚО-ға басқа юрисдикциядан редомициляцияланған жетінші компания. Алғашқы редомициляция 2019 жылы орын алды, ол кезде Kazakhstan Energy Reinsurance Company Бермуд юрисдикциясынан АХҚО-ға редомициляцияланған еді. Өткен жылы Орталыққа тау-кен өндіру саласының алпауыты Polymetal International Plc (2024 жылғы маусымнан бастап Solidcore Resources plc), сондай-ақ Tselina Capital Limited және Cheltenham Group Limited холдингтік компаниялары көшіп келді.  Биыл тағы екі компания көшіп келді, олар – Specta Group Ltd. және KAZ Minerals Holding Limited.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады