"Гауһар сақина, көлік және яхта": әйел күйеуіне бағалы сыйлықтар үшін бала туып берген

Аиса Махамбет Редактор
31.12.2023, 20:08
3571
"Гауһар сақина, көлік және яхта": әйел күйеуіне бағалы сыйлықтар үшін бала туып берген ашық дереккөзден

Дубайдағы криптовалюта трейдері, миллионер Рикки Андраденің әйелі оған тек сәнді сыйлықтар, жылжымайтын мүлік, көлік пен зергерлік бұйымдар сыйлағанда ғана бала тууға келіскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлі-зайыпты Линда Андраде небәрі 16 жаста болғанда кездесті, ал Рикки асханада ыдыс жуып ақша тапқан. Қазіргі таңда  23 жастағы әйел дәулетті өмір сүруде. Ол тұңғышын дүниеге әкелу үшін жұбайынан көптеген қымбат заттарды талап етті.

Жүкті әйел күйеуіне бірнеше сыйлықтың тізімін ұсынды. Линда бірінші қалаған нәрсе – жаңа гауһар сақина. Ол гауһардың түсі баланың жынысына сәйкес келуі тиіс екенін айтты, яғни қыз болса – қызғылт-сары, ұл болса – көк. Сыйлық ретінде Линда жаңа зәулім үй мен "жаңа инвестициялық пәтерді" талап етті.

Миллионердің әйелі 300 мың доллардан асатын Lamborghini және McLaren 720s көліктерін қалайтынын айтты. Сонымен қатар оған жаңа G Wagon мамамобиль қажет. Көліктерден басқа Линда оның құрметіне жаңа яхтаны атауды сұрады.

Әйел жүкті кездінде күн сайын раушан гүлдерін жеткізіп, спа, массажын төлеп, еркелетіп жүруін талап етті. Әр түні романтикалық кеш ұйымдастырып, жүктіліктің әр триместрінде жаңа Rolex сағаттарын бергенін қалайды.

Линданың бұл қалауларына желі қолданушылары түрлі реакция білдіріп, бірі сынаса, бірі қолдады. 

Ол сындарға былай жауап берді: “Адамдар маған қателесетінімді айтты, бірақ осы қате түсінік мені миллионердің әйелі етті".

Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды