«Гуля апай былай бұрады»: Көкшетаудағы балабақша тәрбиешісі баланың төсегінде шугаринг жасатқан

Аиса Махамбет Редактор
10.02.2024, 13:02
1433
«Гуля апай былай бұрады»: Көкшетаудағы балабақша тәрбиешісі баланың төсегінде шугаринг жасатқан видеодан алынған кадр

Көкшетаудағы балабақшада таңертең ата-аналар тәрбиешіге қатысты шу шығарды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, ата-аналар бейнекамерасы жоқ бөлмеде жазаланатын кішкентай балалардың шағымын дәлелдей алмай келеді.

Ал КТК арнасының жазуынша, аты аталған тәрбиеші мұның бәрін жоққа шығарды. Осы дау-дамайдан кейін ол тіпті аурухана төсегіне таңылған.

Көкшетаудан жеті шақырым жердегі «Бірлік» шағынауданында жаңа балабақша ашылғанда ата-аналардың қуанышында шек болмаған. Қазір мектепке дейінгі мекемеге 100-ге тарта бала барып жүр.

Бірақ баласын есіктен кіргізіп алаңсыз жұмысына кетуге тиіс ата-анадан маза кеткен. Айтуларынша, «Балапан» тобының тәрбиешісі балақайларды өз бетінше жазалайды екен. Бір емес, бірнеше ата-ана балаларының шағымданып келетінін, тіпті екі тәрбиешінің бірі жұмыс істегенде «бармаймынға» салып жылайтынын айтып отыр. Ал мекеменің басшыларына бұл шындықты айтып жеткізе алмаған.

Апайы қызымның құлағын аямай бұрапты. «Құлағым, құлағым» деп жылады. «Гуля апай былай бұрады» деп көрсетті. Барып өзімен сөйлесіп едім, қызыма «Медина, өтірік айтпа» деп ұрысты. Қызым бармаймын деп жылайды. Арай апайына қуана барады. Дәретхана жақта камера жоқ. Бейнетаспаны алып қарап едік, бір сағат баланы отырғызып қойып, бала тұрса, қайтадан тарс еткізіп отырғызғанын көрдік, – дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Гүлжан Қабықова.

Арқасы көгерген бала да Гуля апай «қатты-қатты ұрды» деген. Осыдан кейін ата-аналар бейнекамерадағы жазбаны үш күн қатарынан қарапты. Көргендері Гуля апайдың балаларды жұлқылап, бейнекамера жоқ жаққа алып кететіні. «Осыдан кейін дәлел тауып көр»,-  дейді ата-аналар.

Ал «апайларының» істеп жүргені мынау: балалар ұйықтаса бірге ұйықтап, арнайы маман шақырып, балалар кереуетіне отырып алып аяғының жүнін қырықтырып отыр. Аяғының терісі мен тырнағын сол жерде тазалаған маман да бақшаға емін-еркін кіріп шыққан.

Маған хабар келді осылай. Тәрбиеші нені кіргізіп шугаринг жасап жатыр деп. Иә, мен барған кезде төсекте жатты. Мен бірнеше рет ол кісіге ескерту жасадым, балалар ұйықтап жатады, ол да ұйықтайды. «Ұйықтамаңыз, балалар тұрып кетсе немесе тағы бірдеңе болып жүрсе» дедім, – дейді педагог Анар Ғазизова.

Суретке түсіргенде бұл мұғалім директордың уақытша қызметін атқарған. Тәрбиешіге сол жолы қатаң сөгіс жарияланыпты.

Жалпы, бұл тәрбиеші 13 жыл еңбек өтілі бар педагог-эксперт. Осындай жағдайды білгеннен кейін комиссия барып тексердік. Ұсыныс жасадық, бұл кісіні жұмыстан шығару туралы. Қазіргі жағдай бойынша жұмыстан шығару мәселесі көтерілген кезде ол кісі қайта-қайта ауырып жұмыста болмай жатыр, – дейді Көкшетау білім бөлімінің бас маманы Раиса Жанғалиева.

Ата-аналар айтқан «Гуля апай», яғни Гүлнәр Қапалбаеваға хабарластық. Ауруханада жатқан тәрбиеші жоғарыда айтылғанның «бәрі жалған» деді.

Балаларды ұратыным – өтірік. Балаларға ешкім, ешқашан да қол көтерген емес. Ол жерде ешқандай шугаринг жасалған емес. Қызмет тексеруі болған. Оған менің хирургтен анықтамам бар. Табанымда жарақат болған, екі табанымда. Ол кісі мені емдеген, бинтпен таңып, – дейді тәрбиеші Гүлнар Қапалбаева.

Бірақ жара таңуға келген маманның қолында тырнақ тазалайтын құрал бар екен. Ал тәрбиеші ауруханадан шықпайынша, оған ешкім, ешқандай жаза қолдана алмайды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды