HONOR қазақстандық кино классикасының бейнелерін қайта жаңғыртты

25.07.2024, 15:15
1037
HONOR қазақстандық кино классикасының бейнелерін қайта жаңғыртты HONOR

HONOR компаниясы Қазақстанның классикалық кинематографымен үлкен шығармашылық коллаборация туралы жариялайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақфильм студиясының 90 жылдығына орай интеллектуалды құрылғылардың жетекші өндірушісі қазақстандық көрнекті актрисалар үшін арнайы фотосессия өткізді.

Портреттік түсірілім кейіпкерлері ретінде Айдана Сахари, Айнұр Ниязова және Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі, Парасат және Құрмет мемлекеттік ордендерінің иегері Меруерт Өтекешева болды.

Классикалық қазақстандық фильмдердің стилистикасындағы фотосуреттер жаңа HONOR 200 Pro смартфонында түсірілген, оның Harcourt портреттік түсірілімінің бірегей режимі басты айрықшалығы болып табылады. Атауы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап осы күнге дейін голливудтық атақты адамдарды суретке түсіру арқасында бүкіл әлемге танымал болған париждік Harcourt фотостудиясынан алынды.

"Шілде айында HONOR компаниясы Қазақстанда болуының 2 жылын тойлайды. Осы уақыт ішінде 332 мыңнан астам адам смартфондар мен басқа да құрылғылардыңбақытты иелері атанды. HONOR 200 жаңа сериялы смартфондар да заманауисмартфондардағы фототүсірілімнің кәсіби сапасын бағалайтындардың сүйіспеншілігінебөленетіндігіне сенімдімін", - дейді HONOR аймақтық директоры Джонибек Вэй.

Смартфондардағы портреттік түсірілімнің тамаша сапасы әйгілі париждік Harcourt студиясымен ынтымақтастықта әзірленген HONOR AI Portrait Engine режимінің арқасында мүмкін болды. Harcourt студиясының тәжірибесі мен HONOR компаниясының жасанды интеллект саласындағы озық мүмкіндіктерін біріктіре отырып, HONOR 200 сериясы студиялық деңгейдегі портреттік түсірілімнің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жасанды интеллект бір жыл бойы фотосуреттерді кәсіби жарық жабдығы бар студияда түсірілгендей жасауды үйренді.

HONOR 200 Pro смартфоны арнайы әзірленген Sony сенсоры бар 50 мегапикселді портреттік телекамераға ие. HONOR 200 Pro смартфонының жарыққа сезімтал жақсартылған мүмкіндіктері алыстағы нысандарды айрықша дәлдікпен анық әрі айқын түсіріп алуды қамтамасыз етеді.

Озық технологиялардың осындай бірегей үйлесімінің арқасында бүгінде HONOR 200 Pro смартфонының кез келген пайдаланушысы кинематографиялық портрет стиліндегі фотосессияның сән-салтанатына қол жеткізе алады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды