"Қайрат Нұртас көтеріліп, түсті": белгілі композитор жаңа әндердің сапасыздығын сынады

Аиса Махамбет Редактор
30.12.2023, 16:58
15636
"Қайрат Нұртас көтеріліп, түсті": белгілі композитор жаңа әндердің сапасыздығын сынады коллаж smartnews.kz

Композитор Raim, Kalifarniya секілді әншілерді сынады.

Smart News басылымының хабарлауынша, композитор Бақтығали Жұмалин қазіргі әншілердің орындауындағы әндерге қатысты сын айтты. Бұл туралы kaz.nur.kz жазды.

"Бақыт деген", "Көзіңнен айналайын" атты әндердің авторы Бақтығали Жұмалин - еліміздегі танымал композиторлардың бірі.

Атақты композитор Бақтығали Жұмалин патриоттық, тәрбиелік мәні жоқ әндердің көбейіп кеткеніне қынжылады. Айтуынша, дауыс диапазоны жоқ әншілер бір октавамен-ақ танылып жүр.

"Қазір жас әнші көп. Көпшілігін танымаймын. Сөздерінде мағына жоқ. Аранжировкамен өңдеп, әдемілеп шығарып жатыр. Заманауи дыбыстар қосады. Интернетте бәрі әнші, бәрі жұлдыз. Бұрынғыдай өміршең ән жоқ. Бәрінде бір айтылатын ән. Әрі кетсе 3-4 ай тыңдалады, арзан әндер. Тыңдарманға оғаштау әндер де ұсынылады. Қайрат Нұртас кезінде көтеріліп, қайтадан түсті-ау деймін. Мүмкін жастар арасында танымал болар. Шәмші Қалдаяқовтың, Ескендір Хасанғалиев, Әсет Бейсеуовтың әндері әлі күнге әсерлі. Қазіргі жастардың әндерінде патриотизм, тәрбие, мағына жоқ. Қазақтың әуені өзгерді. Мүмкін олар біздікін ұнатпас", - дейді ол. 

Композитор әні мен сөзін өздері шығарып, өздері орындап жүрген жастар туралы да пікірін айтты. 

"Raim-ды тыңдамаймын. Өздері композитор, өздері әнші, өздері аранжировкасын жасайды. Шетелдік стиль басым. Соларды көп тыңдап, 1-2 тактыны болсын алады. Қазір қолданып жатқан дыбыстар, компьютерлік инструмент дыбыстың бәрі сол жақтан келіп жатыр. Оны жастар жақсы пайдаланып отыр. Kalifarniya да сондай. Өз ерекшелігі бар. Бірақ сөздері жұтаң. Орындауы жаман емес. Диапазон жоқ. Бір октаваның тұсындағы дауыс. Тойға, жастарға арналған әндер. Ешқандай әндері конкурстарға қатысуға келмейді. Олар ән айтуды хоббиға, кәсіпке айналдырған. Бірақ жастарға ұнап тұр. Тек Димаш қана бұл қатарда емес. Оның орны бөлек. Диапазоны кең. Бес жұмыс октавасы бар", - дейді композитор.

«Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген