«Қатысқанда қандай, қатысамын!»: Лукашенко 2025 жылғы президенттік сайлауға қайта түсетінін айтты

25.02.2024, 18:07
839
«Қатысқанда қандай, қатысамын!»: Лукашенко 2025 жылғы президенттік сайлауға қайта түсетінін айтты ашық дереккөзден

Ол қазірдің өзінде билікте 30 жыл отырды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Александр Лукашенко өзінің кандидатурасын 2025 жылы Беларусьтағы өтетін президенттік сайлауға қайта ұсынуға ниетті екенін мәлімдеді.

Журналистердің келесі мерзім туралы сұрағына жауап ретінде Лукашенко: «Қатысқанда қандай, қатысамын! Оларға (оппозиция өкілдеріне - ред.) сайлауға қатысатынымды айта барыңыз!» деп жауап берген. Оның бұл сөздерін «Бірінші Пул» телеграм арнасы келтірген.

Лукашенко сайлау учаскесіндегі журналистердің сұрақтарына жауап берді. Жексенбіде Беларусь республикасы жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен парламенттің төменгі палатасына сайлау өтеді. Алайда халықаралық бақылаушылар бұл процедураларды демократиялық деп санамайды, себебі оларға оппозиция өкілдері қатыспайды.

Беларусь президентінің алдыңғы сайлауы 2020 жылы өтті. Ол сайлауда батыс елдері сайлау нәтижесін мойындамады. Ресми мәліметтерге сәйкес, Лукашенко жеңіске жетті, бірақ тәуелсіз есептеулер оппозициялық кандидат Светлана Тихановская шын мәнінде елдің президенті болып сайланғанын көрсетті.

Билік сайлауды бұрмалауға қарсы жаппай наразылықтарды қатаң түрде басып тастады. Мыңдаған адамдар темір тордың артында қалды немесе қоныс аударуға мәжбүр болды. Наразылықтарға байланысты елдегі қуғын-сүргін әлі де жалғасып жатыр.

Лукашенко алғаш рет шамамен 30 жыл бұрын, 1994 жылы Беларусь президенті болған еді. Егер ол 2025 жылы да ресми нәтиже бойынша жеңіске жетер болса, онда 35 жылдан көп билікте отырған президент атанбақ.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды