"Қазақша сөйлеме": ұлттық құраманың экс-футболшысы бапкермен тіл үшін жанжалдасқан

Аиса Махамбет Редактор
31.12.2023, 17:02
2224
"Қазақша сөйлеме": ұлттық құраманың экс-футболшысы бапкермен тіл үшін жанжалдасқан ашық дереккөзден

"Көкеев, сен неге күліп отырсың? Саған қазақ тілінде сөйлеуге тыйым саламын"

Smart News басылымының хабарлауынша, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Жамбыл Көкеев "BorodAbata" YouTube-арнасына берген сұхбатында ресейлік бапкер Сергей Юранмен жанжалы туралы айтып берді. Бұл туралы kaz.nur.kz жазды.

Оқиға 2009 жылы болған. Көкеев сол кезде Юран жетекшілік еткен "Локомотив" ("Астананың" бұрынғы атауы) сапында ойнаған.

"Тілдік барьер болды. Түскі аста командамызбен отырғанбыз. 5-6 адамнан, орыс тілінде сөйлей алмаған я сөйлеуге ыңғайсыз болған қазақтар болды. Олармен қазақ тілінде сөйлесіп, әзілдесіп, күлетінбіз. Ол (Юран) маған "Көкеев, сен неге күліп отырсың? Саған қазақ тілінде сөйлеуге тыйым саламын" деді.

Мен оған: "Сен кім едің Қазақстанға келіп, туған тілімде сөйлеуге тыйым салатындай" дедім. Жанжал осылай шықты, сөйтіп ол мені дубльге жіберді", - деп мәлімдеді Көкеев.

Оқиғадан кейін Юран клубтан кеткен. Көкеев негізгі құрамға оралған, алайда жаңадан келген бапкер де оны тәртіп бұзғаны үшін дубльге жіберген.

2011 жылдың басында жартылай қорғаушы елордалық командадан кетіп, кейіннен қарағандылық "Шахтер", алматылық "Қайрат", қызылордалық "Қайсар" және "Ақтөбе" командаларында өнер көрсетті. Соңғы клубтан Көкеев 2021 жылдың қаңтарында кетіп, содан кейін ол мансабын аяқтады.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды