Казинолар жыл сайын 80-90 млрд теңге аралығында салық төлеп отыр

14.06.2023, 17:07
747
Казинолар жыл сайын 80-90 млрд теңге аралығында салық төлеп отыр smartnews.kz

Қонаев қаласындағы жұмыс істеп тұрған казинолар басқа жаққа көшірілмейді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Ойын субъектілері Қонаев және Ақмола облысындағы Щучинск қаласында орналасқан. Казинолар бүгінде жұмыс істеп тұр, оларды көшіру жоспарда жоқ. Ойынқұмарлық деп жатырсыз, ол тек Қазақстанда емес әлемде бар. Оған мобильді телефон арқылы онлайн құмартуы да мүмкін. Біз жұмыс істеп тұрған казиноларға талап қойып жатырмыз, яғни казино ретінде ғана емес ойын-сауық орталығы ретінде қайта құру. Бұл шетелде бар тәжірибе яғни казино өз алдына жұмыс істейді, одан бөлек кинотеатр, аквапарк, сауда орталығын ұйымдастыруға болады», - деді Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихатында.

Өңір басшысының айтуынша, Қонаевтағы казиноларды көшіру жоспарда жоқ.

«Жалпы ойын-сауық саласында 3,5 мың адам еңбектеніп жатыр және төңірегінде тағы 3 мың адам жұмыс істеп жатыр. Шамамен 7 мыңдай адам жұмыспен қамтылған. Облыста 61 мың тұрғын бар десек, солардың 10/1 аталған салада жүр. Казинолар жыл сайын жергілікті бюджетке 80-90 млрд теңге аралығында салық төлеп отыр. Бұл үлкен қаражат», - дейді ол.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды